№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ТЕКТІЛІК ФЕНОМЕНІ

Тектілік деп- тегіңді тану, ұлтыңды ұлықтауды айтамыз. Адамға ұлтты сүюден, ұлтқа қызмет етуден үлкен бақыт жоқ.
Адамзат тарихынан бері келе жатқан ең үлкен тағылым осы. Кім болсын, қай саланың өкілі болсын, қандай кәсіптің иесі болса да, түптеп келгенде, адам баласының тұлғалық санатын айқындар басты өлшем- ар мен жанның тазалығы. Бұл туралы қазақ халқы қысқа қайырып « Малым- жанымның садағасы» деген. Өмірлік танымы терең, ойлау қабілеті кең қазақ ұлтының тағдырын талқан еткізбей, жал-құйрығын күзеткізбей алып келе жатқан ұлт генефонын сақтаудың басты қағидасы да осы ұстанымға негізделген.
Кез-келген ұлтты танытатын, әлемге әйгілі ететін сол ұлттың өзінен шыққан ай мен күндей перзенттері.
Саққұлақ би: «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, қорғаны – сабыр, жолдасы – кәсіп, қорғаушысы – мінез, сыншысы – халық» десе, тал бойынан осы қасиеттердің барлығы табылатын парасатты ұл мен қыз – ұлттың бағы деуімізге болады.
Тек тазалығы туралы толғанғанда қазақтың маңдайына біткен қаламгер қайраткерлердің қайталанбас қадір-қасиеті көз алдымызға кеп тұра қалады. Тал бойынан жоғарыдағы қасиеттердің барлығы табылатын Шерхан Мұртазаның есімін иісі қазақта білмейтін адам жоқ. Ол осы қасиеттің бәрін қаламгерлік қарымына, қайраткерлік болмысына, кәсіби шеберлігіне жұмылдыра білді. «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деп қашанда өз жұртының мүддесі тұрғысынан биік мінберлерден жарқылдап ой айтты, ұзақ күндер ұйқысыз отырып толғатқан шығармалары арқылы жұртының ой-өрісін көтеріп, санасына сәуле құйды. Алаш ардақтысы Тұрар Рысқұловты қайта оралтты. Ұрпақ тәрбиесіне, ұлт рухын көтеруге өлшеусіз үлес қосты. «Бесеудің хаты», «Сталинге хат» туындылары халқыныңқайратын жанып, санасын сілкіп , рухын тірілтті. Сондықтан да жұртшылық оны өз елінің ары мен ұяты деп бағалады. Ал енді ол осы биікке қалай көтерілді? Осы тұста біз әңгімелеп отырған тек тазалығы мәселесі шығады.
Әкесі Мұртаза майданға аттанғанда Шерхан артында жас қалады. Өзінен кейін екі бауыры бар. Анасы Айшаға ес болып, қолқабыс етуден аянбаған көкөрім ойын дегеннің не екенін білмей өсті. Боран азынаған ұзақ түндерде көз ілмей терезеге телміріп қарап жатар бозөкпенің жалғыз сырласы бар.  Ол – Ай. Оған мұңын ақтарып, алдағы күндеріне күш алар, қуат алар жалғыз жанашыры да сол. Ол бірде қатты талықсып, қарны ашқанда Аймен ақылдасып, ақырын тысқа шықты. Ай жарығымен жүріп отырып, көлшіктің арғы жағындағы үйге өтіп еді. Көл жағасында мамырлап жүзген қазды ұстап алып, бауырына тығып, ақ қардың үстіне із қалдырып, қайта үйіне келген. Тықырынан анасы Айша оянды. Баласының тірлігін білген соң жер-жебіріне жете сөкпеп пе еді? «Ана жақта әкең қан кешіп, ажалмен арпалысып жүргенде сенің мұнда ұрлық жасап, біреудің хақысына қол сұғып, қиянат жасап жүргенің қалай? Қайдан шыққансың? Тұқымымызда жоқ тоғышарлықты қайдан жұқтырдың?»  деп жер-жебіріне жеткен жоқ па еді? Ізінше кері қайтып, қолды еткен олжасын орнына қойды. Қайтып кеп қалтырап-дірілдеп, көрпе астына кіріп, терезеден әлі таң ата қоймаған төбеге көз тастап еді, Ай баяу қалқып, мұныүнсіз кінәлап тұрғандай. Өмір бойы тәрбиелеушісі – Ай мен Айша. Бұл екеуіне ол шексіз қарыздар еді. Айнадай тазалыққа, айнымас адалдыққа тәрбиелегендігі үшін. Бұл екеуі де тектіліктің тұғыры болып саналады.
Жақында бір ағайынның дастарханында отыр едік. Алдымызға үлкен дәм-ет тартылды. Жоғарыда отырып алған үш-төрт жігіт сол үйдің құда балалары екен. Қазақтың қара балалары бір-бірімен орысша қалжыңдасып, қасындағыларды көзге ілер емес. Бір кезде қолға су құюға келген баланы да қағытып, кері қайтарды. Алдарына келген табаққа шанышқымен қол созып,тіпті «үлкен табақтан ауыз тиіңдер» деп көрші бөлмеден жіберілген қойдың басын да қолмен ұстауды білмеді.
– Отырған туыс-туғанның бәрі қазақпыз. Несіне өзге тілде шүлдірлеп отырсыңдар? – деп ескерту жасаған бір апамызға: «Апай, орыс тілі ұлы тіл.Скоро бәрібір осы тілде сөйлейміз. Көресіз ғой, қазақ тілі ешкімге керек болмай қалады» деп білгішсінген  ана жігіттіңжүзінде, қанында бір түйір намыстың жоқтығына көзіміз жетіп, қазақтың түбіне осындай жетесіздер жетеді-ау депкүйіндік.
– Енді бізге не дейсіздер? – деді олардың бірі. – Мектепте орысша оқыдық, техникумда орысша оқыдық. ВУЗ-да орысша оқыдық. Араласатын ортамыз да орысша.
Солайы солай шығар. Бұлардың ата-анасы қайда қарап жүр?Бұлар бүгін ана тілін білмесе, ана тілінде сөйлемесе онда ақ сүт берген  анасын да сүймейді, сыйламайды деген сөз ғой.
Осы тұста Әбіш Кекілбаевтың мына сөзі ойға оралады: «Мен балаларым үшін не істей аламын. Киім алып бере аламын. Тамағын тауып беремін. Болды. Қалғанын өздерінің қажыр-қайраты, қарым-қабілеті шешеді. Бірақ бір нәрсе тайға таңба басқандай анық. Мен оларды қазақша мектепке бердім. Қазақы тәрбие бердім. Қазақтың  салт-санасы, жөн жоралғысын аяқасты етпеуін қадағаладым».
Әбіш аға бір отбасына ғана емес, бүкіл қазақ еліне шамшырақ бола алған тұлға. 1991 жылы Колбин жетекшілік еткен Жоғарғы Кеңестің сессиясында осы туған тіл тағдыры талқыға түскен. Мемлекеттік тіл орыс тілі болып қабылданғалы жатыр. Көпшілік депутаттар өзге ұлт өкілдері. Қазақ тілі үшін  жаны ауырар ешкімнің түрі байқалмайды. Сонда Әбекең Жоғарғы Кеңестің депутаты мандатын пайдаланып, мінбеге көтеріліп: «Құрметті жолдастар! Қазақ халқы кешегі қиын-қыстау күндері арып-ашып келген өзге ұлттарға өз құшағынан орын беріп, аузындағысын тосып, жүрегінің жылуын төккенде, төріне оздырып, ықылас пейілін аямай, аяғынан тік тұрып кетуіне көмектескенде кейін осылар төбемізге шығып, өз тілімізде жазып, сөйлеуімізге рұқсат сұрап отырайық деп тілеп пе еді»  дегенінде көбінің көңілінде ұяты оянып, Қазақстанда қос тілді де қатар қолдану жөнінде дауыс берген болатын.
Әбіш Кекілбайұлы қазақ елінің Тәуелсіздігіне ерекше еңбек сіңірген тұлға. Ол кісі туралы сөз қозғағанда, Биіктік. Кеңдік. Тереңдік, осы үш ұғымды айналып өте алмаймыз. Сайып келгенде, осы үш ұғымның бастау бұлағы – тектілікте жатыр.
Тектілік түбі – тазалықта. «Таза адамдарда бәрі таза» дегендей, тазалығымыздан  танбасақ екен.
Баян ҮСЕЙІНОВА.
05 тамыз 2018 ж. 1 173 0