№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ БЕС ТІРЕГІ

ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ БЕС ТІРЕГІ

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының көтеріп отырған мәселесі ауқымды әрі уақыт талабына сай өте құнды. Жалпы ұлттық құндылыққа нені жатқызуға болады деген ой жүгіртсек, менің ойымша олар бес тіректен қалыптасқан  – тіл, дін, дәстүр, тарих пен атамекен. Өйткені, аталмыш бес құндылық үлкен комплексті жүйені жасап тұтас ұлт мінезін, болмысы мен қасиетін жасайды.
Бірінші кезекте ұлттық құндылыққа ана тілін жатқызамыз. Себебі, ұлт өзінің тілі – ана тілі арқылы дінін, ділін меңгере отырып, әлемде өзінің орнын алады. Мемлекеттік тіл Тәуелсіздік деген ұғыммен тікелей байланысты. Тілде жоқ тәуелсіздік – елде де жоқ. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалатынын» - осы ақиқатты  халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынов бұдан бір ғасыр бұрын айтқан. Біздің бабаларымыз бен әкелеріміз ешқашанда тілсіз, рухсыз егемендікті аңсаған емес. «Ұлтыңды қорлама, тіліңді шұбарлама» деген сөз тектен-текке айтылмаған. Ұлт тілден, діннен, ділден бастау алады десек, оның негізгісі – тіл. Бәрін жеткізетін, орын-орнына коятын, кім екенінді анықтайтын да тіл – Ана тілі. 
Руханияттың бір тірегі – ұлттың тарихыболып табылады. Ол туралы Қазакстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Біздін кіндігіміз жеті атамызбен ғана жалғасып жаткан жок, онан арғы Үнді мен Ніл, Еділ мен Дон жағалауларына қазақ даласының рухын жеткізген бабаларымызбен жалғасып жатыр. Осынау канатын кең жайып, жанарын алысқа салатын қазақ рухы әзірше өз деңгейінде парақталмай келеді» деген сөздерінен ести аламыз. 
Ұлтты рухтандырып, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп көрсетіп тұратын сипаттардың бірі – дәстүр. Ол да тіл сияқты ең негізгілерінің қатарына жатады. Ұлттың қанында, жанында, рухында жүретін, ол үшін аса қажетті, қасиетті нәрсе. Сондықтан да тіл мен дәстүр әрдайым бір-бірімен тығыз байланысты болып, біріне-бірі күш береді, бірін-бірі байытады. Сонымен қатар, өзін белгілі бір ұлттың өкілімін деп санайтын адам сол ұлттың тарихын білуі тиіс деп шегелейді.
Ал өзін сол ұлттың өкілімін деп санайтын адам сол ұлттың дінін де жақсы білуі керек. Дін деген нәрсенің ұлттық рухқа тікелей қатысы бар. Қарап отырсаң, дінде ұлттық рухты құраушы, соған белгілі бір мазмұн беруші, тәртіпке салушы күш бар. Мұның өзі – ерекше күш. Ұлтты рухтандырып, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп көрсетіп тұратын сипаттардың бірі – дәстүр. Ол да тіл сияқты ең негізгілерінің қатарына жатады. Ұлттың қанында, жанында, рухында жүретін, ол үшін аса қажетті, қасиетті нәрсе. Сондықтан да тіл мен дәстүр әрдайым бір-бірімен тығыз байланысты болып, біріне-бірі күш береді, бірін-бірі байытады. Сонымен қатар, өзін белгілі бір ұлттың
Әр ұлттың ұлт болып қалыптасқан мекені бар. Мұның өзі, әдетте, ұлтқа тән болып, сол ұлттың бәрін түгелдей қамтитын мекен...».
Осы ойлардан ұлттық құндылықты құрайтын нышанның бірі жоқ болса, онда ол ұлт болудан қалатынын аңғаруға болады. Яғни, тілсіз адам ұлт санатынан шықса, атамекенсіз толық ұлт ретінде жүре алмауын баса айтқан дұрыс.
Осы тұрғыда, ұлттық құнлықтарды түгелдеп, жаңғыртуда Президенттің Рухани жаңғыру бағдарламасы шамшырақ бола алады...
Сәуле ДОСЖАНОВА,
Төменарық.
15 шілде 2018 ж. 1 673 0