Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран
Аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйытқы болуымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты аудандық шығармашылық байқау өтті. Бұл шара ұрпақ сабақтастығын нығайту, жас буынға отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу, ұлы майдан тарихына деген құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары арасында Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын түсіндіріп, ел қорғаған ерлердің өмір жолын таныстыру және оқушылардың ғылыми-шығармашылық ізденісін қолдау болды. Жас ұрпақтың бойында елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімін оятып, тарихи сананы қалыптастыру, ардагерлерге көрсетілетін тағзымның құндылығын ұғындыру міндеті тұрды.
Байқауға аудан бойынша 8-11-сынып аралығындағы оқушылар қатысып, музей қорындағы соғыс ардагерлеріне қатысты жәдігерлерді зерттеу, құжаттармен жұмыс жасау, визуалды контент әзірлеу сияқты жұмыстарды атқарды. Қатысушылар ізденіс нәтижесінде бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап, көпшілік назарына ұсынды. Бұл өз кезегінде жас өскіндердің цифрлық сауаттылық, зерттеу дағдылары, шығармашылық қабілеттерін дамытуға серпін берді. Байқаудың басты ерекшелігі оқушылар тек тарихи материалдармен шектелмей, ардагерлердің ұрпақтарымен байланысып, тың деректер жинаған. Осы арқылы жасөспірімдер тарихты құжаттан ғана емес, тірі куәгерлердің естеліктері арқылы тануға мүмкіндік алды. Бұл зерттеу жұмысының сапасын арттырған, ғылыми тұрғыдан маңызды әдіс.
ЕРЛІК ПЕН ЕҢБЕКТІҢ ӨЛШЕМІ
Байқауда ұсынылған жұмыстардың алғашқысы – Бірлік ауылындағы Сұлтанбек Қожанов атындағы №55 мектеп оқушысы Шұғыла Сабырханның зерттеуі. Ол Ұлы Отан соғысының және еңбек майданының ардагері Найманбай Құрбановтың өмір жолын жан-жақты ашып көрсетті. Шұғыланың дерегінше, 1923 жылы Бірлік колхозында дүниеге келген Найманбай Құрбанов 19 жасында майданға аттанған. 1941 жылдан бастап Сталинград түбіндегі қанды шайқастарға қатысып, «223» полк құрамында Венгрия мен Будапешт қалаларын жаудан азат етуге қатысқан. Оның соғыс жолы шытырман оқиғаларға толыболған. Алдыңғы шептегі әр күн, әрбір қадам – жас сарбаздың асқан батырлығын дәлелдеді. Жеңіс күнін Карпат тауында қарсы алған ардагер елге оралған соң шопандық кәсіпке ден қойып, 40 жылға жуық қаракөл қойын баққан. Бірлік ауылындағы мал шаруашылығының дамуына сүбелі үлес қосып, еңбек майданында абыройлы қызмет атқарды.
ОТ ПЕН ОҚ АРАСЫНДАҒЫ ТАҒДЫР
Байқауға қатысқан №169 мектептің 8-сынып оқушысы Нұрила Нұрғалиқызы Тұрсынбек Исмаилов туралы тың деректер ұсынды. 1923 жылы дүниеге келген ардагер 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, қысқа мерзімді дайындықтан өткеннен кейін Василисков майданына жіберілген. 1943 жылдың 5 шілдесінде басталған Курск доғасындағы қиян-кескі шайқастарға қатысып, Ахтырка маңындағы Яблочная деревнясы түбінде ауыр жараланады. Бұл екінші дүниежүзілік соғыс тарихындағы ең ауыр, ең шешуші шайқастардың бірі еді. Жарақаты салдарынан бірнеше ай госпитальда ем алғанымен, ол майданға қайта оралып, 2-ші Прибалтика майданы құрамында шайқасын жалғастырады. Майданда ДЗОТ-қа шабуыл жасап, бірнеше неміс офицері мен солдатын тұтқындағаны үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған. Белгород түбіндегі шайқастағы ерлігі үшін «Александр Невский» орденіне ұсынылған. Бұл марапаттар жауынгердің батырлығын айғақтайтын тарихи құжаттар екені даусыз.
СОҒЫС, ЕҢБЕК ЖӘНЕ РУХАНИЯТ ШЕЖІРЕСІ
М.Қаратаев атындағы №51 орта мектептің 9-сынып оқушысы Мадина Рысбайқызы өзінің баяндамасында Тұрсынқожа Шалаповтың ғұмыр жолын жан-жақты ашып көрсетті. Оның дерегінше, ардагер 1915 жылы Жаңақорған ауданына қарасты Балапантөбе ауылында дүниеге келген. 1934–1942 жылдары тракторист, комбайнер болып еңбек етіп, кейін 1942 жылы майданға аттанған.Соғыста пушка дәлдегіші ретінде қызмет атқарып, ерлігі үшін екі мәрте «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. 1946 жылы елге оралғаннан кейін 41 жыл бір мекемеде қызмет атқарып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосты. 1981–1994 жылдары Жаңақорған ауданының бас имамы болып, рухани салада да қызмет еткен. Оғыс ардагерінің 1986 жылы Бакуде өткен халықаралық Ислам конференциясына қатысып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылуына тікелей араласқаны – оның тұлғалық болмысын айқындайтын тарихи дерек.
ЕЛГЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТТІҢ ҮЛГІСІ
№293 мектептің оқушысы Дінмұхаммед Әбілхайыр атасы Ергеш Сабырханұлы туралы деректерді ұсынды. Ол 1941–1945 жылдардағы сұрапыл соғысқа қатысып, елге жеңіспен оралған. Соғыстан кейін аудандық халық сотында хатшы, статистика бөлімінде басшы қызметін атқарып, «Октябрь», «Красная звезда», «Келінтөбе» шаруашылықтарында бас есепші болған. Ергеш Сабырханұлының қызмет жолы – елге адал қызмет етудің, азаматтық парызды абыроймен атқарудың жарқын көрінісі екені анық.
Сондай-ақ шара барысында ұрпақтар сабақтастығының көрінісіне куә болдық. Майдангерлердің ұрпақтары да рухани кешке арнайы қатысып, естеліктерімен бөлісті. Олардың әңгімелері оқушылар жұмысына жаңа мәлімет қосты. Әрбір айтылған оқиға жасөспірімдердің тарихи тұлғаларды жақыннан тануына, олардың жүріп өткен жолын терең түсінуіне негіз болды.
Иә, музей – тарихи сананың ордасы. Осы орайда, музей қызметкерлері жыл сайын өткізілетін жобалар арқылы жас ұрпақтың тарихи танымын қалыптастыруда маңызды миссия атқарып келеді. Музей қоры – ауданның өткені мен бүгінін байланыстыратын, талай тағдырдың ізі қалған рухани қазына.
Байқау соңында барлық қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.
Айсұлу Алданазар
Байқауға аудан бойынша 8-11-сынып аралығындағы оқушылар қатысып, музей қорындағы соғыс ардагерлеріне қатысты жәдігерлерді зерттеу, құжаттармен жұмыс жасау, визуалды контент әзірлеу сияқты жұмыстарды атқарды. Қатысушылар ізденіс нәтижесінде бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап, көпшілік назарына ұсынды. Бұл өз кезегінде жас өскіндердің цифрлық сауаттылық, зерттеу дағдылары, шығармашылық қабілеттерін дамытуға серпін берді. Байқаудың басты ерекшелігі оқушылар тек тарихи материалдармен шектелмей, ардагерлердің ұрпақтарымен байланысып, тың деректер жинаған. Осы арқылы жасөспірімдер тарихты құжаттан ғана емес, тірі куәгерлердің естеліктері арқылы тануға мүмкіндік алды. Бұл зерттеу жұмысының сапасын арттырған, ғылыми тұрғыдан маңызды әдіс.ЕРЛІК ПЕН ЕҢБЕКТІҢ ӨЛШЕМІ