№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Егемен елдің ертеңі – жас ұрпақ» атты бейнелеу өнері байқауы өтті

«Егемен елдің ертеңі – жас ұрпақ» атты бейнелеу өнері байқауы өтті



Бүгін "AMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты "Өнер" бастауыш партия ұйымында «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Республика күніне орай, бейнелеу өнері бойынша «Егемен елдің ертеңі – Жас ұрпақ» атты көркемсурет байқауы өтті. Шараға "AMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов арнайы қатысты.
Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін арттыру, ел тарихы мен Тәуелсіздік құндылықтарына деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Іс-шараға мектеп оқушылары мен жас суретшілер қатысып, өз қылқаламдары арқылы туған елге деген сүйіспеншілігін, Тәуелсіз Қазақстанның бейбіт бейнесін сурет арқылы бейнеледі.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Байқау жас буынның рухани дамуына және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды шара болды.

Республика күні құтты болсын! Егемен еліміздің ертеңі – дарынды жас ұрпақтың қолында!
28 қазан 2025 ж. 844 0