№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » » Текті сөздің төресі – терме

Текті сөздің төресі – терме


Терме – қазақтың төл өнері. «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» деген өлең жолдары қазақтың қанына сіңген өнерге құмарлықты айрықша айқындап тұрғандай. Қазақ тарихында құйқылжыта ән шырқап, таңдай қақтырған қоңыр дауысты таланттар аз болмаған. Төл өнердің сарқытын бойына сіңіріп, жас ұрпаққа ұлықтап жүрген өнер мектептерінің шәкірттері «Текті сөздің төресі – терме» атты байқауды жиі ұйымдастырып, ұлттық өнердің шоқтығын биіктетуде.

Жаңақорған ауданы қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық» орталығының қолдауымен, М.Көкенов атын­дағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өңір өнерпаздарының басын қосқан аймақтық байқау өз мәресіне жетті.
Байқауға Жаңақорған, Шиелі ауданының 18 жасқа дейінгі 14 өнерпазы қатысты. Үміттерін үкілеп келген жыршы-термешілер 2 кезең бойынша өнер көрсетті. Бірінші кезең Сыр өңipiнен шыққан ақын-жыраулардың шығармаларынан бip терме орындады, ал екінші ке­зең бойынша әр қатысушы өз қалауымен кез келген термені орындап шықты.
Қазылар алқасының құрамында өңірімізге белгілі жыршы-термешілер Мұхтар Дәрібаев, Ғалымжан Омаров және «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Мақпал Патенова болды. Қазылар алқасы термешілерді әншілік шеберлігіне, таңдаған туын­дысының мазмұндылығына, сахна мәдениетін ұстауына қарап баға берді.
Қорытындыда III орынды Дарын Бөрібай (Жаңақорған), Ахмедияр Асанұлы (Шиелі), Нұрсаят Жұмағұл (Шиелі) бөлісті. II орынға Сүннәділлә Аянат(Жаңақорған) лайық деп танылды. I орын Шиеліден келген Үсен Ерасылдың еншісінде. Ал, қатарынан озып шыққан жаңақорған­дық Құттықыз Әбілпәттақызы бас жүлдені жеңіп алды.
Рухани кеште жыршы-термеші Мұхтар Дәрібаев сөз алды.
– Кейінгі жылдары өңірімізде дәстүрлі ән байқаулары жиі өтуі төл өнерге деген құрметтің артқанын байқатады.
Біз­дің ауданнан қатысып жатқан барша жасөрен­дердің орындаушылық деңгейі арт­қаны байқалады. Дауысына сай шығарма таңдап, кәсіби шеберлік қалыптастыруға бағыт берген ұстаздарының жұмысы мақтауға тұрарлық. Біздің облыста бірнеше ауданда дәстүрлі ән мектебі бар. Олардың өзіндік бағыты, өзіне лайықты сарыны бар. Сол секілді біздің ауданнан да «Шәймен ақын» мектебін қалыптастырғым келеді, – деді өнер иесі.
Көмейіне бұлбұл ұялаған жас өнерпаздардың ішінде ең жасы Ахмедияр Асанұлы­ның шабысы көрерменді бау­рады. Ауданның намысын қолдан бермей, бар өнерін ортаға салған Құтты­қыз Әбілпаттақызына елдің қошеметі артты.

Жәмила ЕРМАХАН
19 қараша 2024 ж. 460 1

Angelo от 5 маусым 2025 16:26
Really many of helpful facts! casino en ligne fiable Cheers. I appreciate it! meilleur casino en ligne Amazing all kinds of awesome material! casino en ligne You stated this well! casino en ligne francais Wow plenty of terrific knowledge. casino en ligne fiable Superb stuff Appreciate it. casino en ligne fiable Really a good deal of helpful material! casino en ligne francais Nicely put, Thank you! casino en ligne Thank you, I like this. casino en ligne Truly tons of useful info. casino en ligne France