№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «ТЕКТI СӨЗДІҢ ТӨРЕСІ - ТЕРМЕ»

«ТЕКТI СӨЗДІҢ ТӨРЕСІ - ТЕРМЕ»


«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әлеуметтік жобасы аясында, Түгіскен ауылдық клубының қолдауымен,«Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен,  Құлан Алдабергенұлының 160 жылдығына арналған  жас жыршы-термешілердің байқауы өтті. Биылғымен бесінші рет өтіп отырған жас өнерпаздарының басын қосқан дәстүрлі сайысқа Қызылорда облысы, Павлодар облысы, Түркістан облысынан өнерпаздар қатысып, мәдени шараның арнасын кеңейтті.


Үміттерін үкілеп келген термешілер II кезең бойынша өнер көрсетті. I кезең Жаңақорған өңірінің сыршыл мақамымен бip терме орындады, ал II кезең бойынша әр қатысушы өз қалауымен кез-келген термені орындап шықты.

Байқау қорытындысы бойынша,  III орынды түркістандық Анашбек Нұрбақ пен павлодарлық Құрметжан Ербақ бөлісті. II орынға Қызылорда қаласының намысын қорғаған Шынберген Аяжан мен жаңақорғандық Ислам Нағызхан лайық деп танылды. I орын павлодарлық Жігер Бөкеннің еншісінде. Ал, қатарынан оқ бойы озып шыққан Қызылорда қаласынан келген Өтегенов Руслан Бас жүлдені жеңіп алды.
05 шілде 2021 ж. 1 017 0