Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 41

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » "БАҚЫТТЫ БАЛА" БАЙҚАУЫНДА ӘЙГІЛІ ӘНШІЛЕР ҚОНАҚ БОЛАДЫ

"БАҚЫТТЫ БАЛА" БАЙҚАУЫНДА ӘЙГІЛІ ӘНШІЛЕР ҚОНАҚ БОЛАДЫ


Алғаш рет Ақтөбеде ашық балалар вокалдықфестиваль-конкурсы өтеді. Іс-шарада Димаш Құдайберген мен Данелия Тулешова сынды танымал әншілер ән шырқайды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында 2018 жыл Сәби жылы деп жарияланды. Осыған орай, облыс әкімдігі өсіп келе жатқан ұрпақты шығармашылық жағынан дамыту үшін арнайы іс-шараларды қамтитын «Бақытты бала» жобасын әзірледі. Жоба Ақтөбе қаласында 1-2 маусымға белгіленіп отырған «Бақытты бала-2018» ашық балалар вокалдық фестивалімен басталады.
«Аталған эстрадалық әндер конкурсына 10 жастан 15 жасқа дейінгі жас музыкалық дарынды балалар қатысады. Конкурстың үміткерлеріне ана тілінде кез келген әнді (оның ішінде өзі жазып шығарған) дербес орындау қажет және әлемдік хит туындыларды да таңдаса болады. Фестиваль-конкурсқа өтініштер 2018 жылғы 15 мамырға дейін қабылданды. Оған 420 өтініш беріліп, солардың ішінде қашықтықтан іріктеу турынан 20 жеткіншек таңдалды. Бірнеше жеңімпаз 2 маусым күні эстрада және спорт жұлдыздарының қатысуымен өтетін салтанатты марапаттау кезінде жарияланады», - деп хабарлады конкурс ұйымдастырушылары.
Олардың мәліметінше, іс-шараға дүниежүзіне әйгілі әнші Димаш Құдайберген (Қазақстан), «Голос. Дiти-2017» украиналық вокалдық конкурс жеңімпазы Данелия Тулешова (Қазақстан), «Славян базары-2017» конкурсының жеңімпаздары Луиза Нуркуатова мен Влад Сытник (Украина), армян әншісі Джордан Аракелян (Армения) және әуе гимнасты Анастасия Дидух (Украина) қатысады.
«Финалға қатысушылар бас жүлдеге тағайындалған 2 миллион теңге үшін сайысқа түседі. Негізгі жеңімпаздан басқа, бірінші орын иегері 1,5 млн теңге мөлшерінде, екінші мен үшінші орындардың иегерлері сәйкесінше 750 мың теңге және 500 мың теңге көлемінде ақшалай жүлдемен марапатталады. Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылардың бірі бүкіл әлемге әйгілі әнші, «Славян базары-2015», «Singer-2017» халықаралық конкурстарының жеңімпазы, «MTV Music Awards» сыйлығының иегері Димаш Құдайбергеннің атаулы жүлдесін иеленеді», - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.
Бұған қоса, қазылар алқасының құрамына мәдениет пен өнер саласының танымал халықаралық қайраткерлері кірген. Конкурсты Ақтөбе қаласының әкімдігі мен «QAZAQSTAN» ұлттық арнасының қолдауымен «ДимашАли» шығармашылық орталығы ұйымдастырмақ.

Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
30 мамыр 2018 ж. 1 298 0