№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балаға компьютерді қай жастан үйреткен дұрыс?

Балаға компьютерді қай жастан үйреткен дұрыс?


Кейде адамдардың 2-3 жастағы балаларын мақтап: «Біздің батыр гений, анасынан бәрін біліп туған. Қазір қолына телефонды берсең Youtube-ты нағашысының ауылындай емін-еркін аралайды. Тіпті, құлыптаулы телефонды қалай ашу керектігіне дейін біледі», – деген сынды сөздерді жиі естіп жатамыз. Бірақ сол ғаламтордың шындап келгенде бала руханиятына кері әсерін тигізіп жататыны есімізге кіріп те шықпайды. Әлдебір ертегідегідей кейде балалар ашуға тыйым салынған есікті интернетте ашып қойып жатады.

 Дүниенің кілті – ғаламтормен кез келген есікті ашып, ішінде не бар екенін балаларға көрсете берудің соңы жақсылыққа апармайды. Психолог Катрин Штайнер-Адэр өзінің «The Big Disconnect» кітабында бала мен компьютер арасындағы  қарым-қатынас мәселелерін көтерген. Оның айтуынша, баланың компьютер, смартфон, планшеттерге жұмсаған уақыты кейін оның сыртқы дүниемен қарым-қатынасын қиындатады. Бала гаджеттерде не ойнап, кіммен сөйлесіп, нені үйреніп – бұлардың бәрін ата-ана бақылап отыруы керек. Интернеттің жақсы жағы көп, бірақ, экран бетіне тынымсыз қалқып шығатын жарнамалар, әлеуметтік желілер, адамды аздыратын арнайы веб-сайттар, баланың тәрбиесі мен дамуына өзінің кері әсерін тигізбеуіне ешкім де кепілдік бере алмайды.
 Психологтар глобал тармақтың ең үлкен қауіпі – бала өз жасына сай емес ақпараттармен танысуы деп есептейді. Бүгінгінің сәбилері электрон құрылғыларға өте бейім. Смартфон мен планшеттерді көрсе, қолына алғысы кеп тұрады. Қарапайым ойыншық сатып әперсеңіз 1-2 күн, ұзағымен бір жеті ойнауы мүмкін. Кейін кезек тағы гаджеттерге... Сәбидің құрылғы үстінде саусақтарының зырылдауы, видео көруі оның компьютермен жұмыс істеуге дайын екенін білдірмейді. Теория бойынша, сәбилер екі жасқа жеткенге дейін дүниені реал әрекеттер мен қарым-қатынастар арқылы таниды. Балалар үш жасқа жеткенде электрон құрылғылармен танысуына болады. Тек, арнайы компаниялар сәби дамуы үшін жасап шығарылған интеллектуалды бағдарламалармен ғана жұмыс істегені абзал.
Бала алдымен мектепке барып, содан соң ғана компьютермен танысса да кеш қалмайды. Көп нәрсе ата-ананың өзіне байланысты. Балаңызды бақылап отырып, 4-5 жасында смартфон, планшеттерді қалай пайдалануды үйретуіңізге болады. Ал, бақылаусыз, балаңызға 11-13 жасқа жеткенде гаджеттерді сатып алып беруіңізге болады.

17 сәуір 2018 ж. 1 272 0