Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Өмірі өнегемен өрнектелген

Өмірі өнегемен өрнектелген


“Білім саласының мақтанышы, ұлы істердің ұйытқысы”

Ұстаз алдын көрмеген жан жоқ. Ұрпаққа білім беруді кәсіп емес, өмірінің мәніне айналдырған ардақты ұстаздар қатарында Әлия Медетбекқызы апамыздың есімі ерен. Жақсы ұстаз өзінің жолын қуатын шәкірт тәрбиелей алғанда, сабақтастық тіні сөгілмейді. Міне, сондықтан болса керек, жетістікке жеткен жан әуелі өзінің ұстазын еске алады.


Әлия Медетбекқызы 1979 жылы мектеп бітіріп, ҚазМҰ-ның тарих факультетіне оқуға түседі. Аталған оқу орнында білімін жалғастыра жүріп Талап ауылындағы №54 мек­тепте тәлімгерлік қызмет атқарады. 1985 жылы Қыраш ауылына келін болып түсіп, Биімбетов ағамыз­бен бас қосады. Ауылдағы №180 "Қызылмақташы" орта мектебінде мұғалім, 1991-2023 жылдар аралы­ғында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болады. 43 жыл ұстаздық етіп, 2023 жылы зейнеттік демалысқа шықты.
Ол осынау еңбек жолында "ҚР Білім беру ісінің үздігі" атанып, Оқу ағарту министрлігінің "Еңбек ардагері" медаліне ие болды. Алғыс хатпен марапатталды. Зейнетке шыққан 2023 жылы "Даму бала" бағдарламасы өнер орталығын ашып, үйірмелерді арнайы мамандармен қамтамасыз етті. Үйірменің мақ­саты – балалардың шығармашылы­ғын арттыру, бос уақытын тиімді пайдалану. Міне, осы бағдарлама аясында жұмысын өрістеткен ол "Тоғжан" өнер орталығының тынысына дем беріп келеді. Сонымен қатар "Дәстүрге жол" қазақ аналар қоғамдық бірлестігінің ауылдық филиалының төрайымы.
Жақында осы аталған "Қазақ аналары – Дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігінің ауылда өткен мерекелік іс-шарасының куәсі болдық.
Қарт Қаратаудың бөктеріндегі қазақылықтың қаймағы бұзылмаған қараша ауыл тіршілігінде отана­сын шаңырақтың ұйытқысы ретін­де танытатын тіршілік қарекеттері маңызын жойған жоқ. Сиыр сауып, сүт пісіріп, май шайқап, дастар­хан байлығын тасытатын да осы аналарымыз.
Ұлттық бай мұрамыздың бірі – дәстүрлі әндер. Қыраш ауылынан түлеп ұшып, бүгінде есімі көпке танымал Бибіажар Маханбетқызы осы кешке арнайы шақырылған екен. Жезтаңдай әнші халық ән­дерін әуелете шырқап, тыңдарман құлағының құрышын қандырды. Кеш Қыраш ауылы “Ақ әжелер" клубының әжелер хорымен жалғасын тапты.
"Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлес­тігінің миссиясы – жаһандану дә­у­і­рінде ұлттық құндылықтар мен дәстүрді сақтап, заманауи үлгіде өмір салтымызға енгізуді мақсат етеді. Осы шараға арнайы келген "Дәстүр­ге жол – қазақ аналары" қоғам­дық бірлестігінің облыстық өкілді­гі төрайымы Алтынай Мырхықы­зы сөз алып, ұлттық киімнің өзі ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі еке­ніне тоқталды. Осы бағытта қыз-келіншектердің ары мен абыройы саналатын ақ жаулық пен кимешекті дәріптейтін сән үлгісі сахналанды.
Кеште қазақтың "Бастаңғы", "Құрсақ шашу", "Тұсау кесер" сынды салт-дәстүрімізден үзінділер көрсетіліп, бүлдіршіннің тұсауы кесілді.
Зейнет демалысындамын деп жан тыныштығын күтіп отырмай, тынымсыз еңбектене білген Әлия Медетбекқызының еңбегінің нәти­жесін танытқан рухани кештен керемет әсер алдық.
Атқарған еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Әлия апайымызға еңбек­тің зейнетін көріп, өмір жолыңыз ұзақ болып, немере-шөберенің ор­тасында "аяулы әже" деген атты иеленіп, аман-сау жүре беріңіз демекпіз! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілеймін!

Бибайша Өтеева
08 маусым 2024 ж. 234 0