№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұстанымына берік ұстаз

Ұстанымына берік ұстаз

Келешек ұрпақтың өмір жолында баспалдақ болатын тұлға ұстаз. Егер біздер қандай да бір ерен еңбектің бастауында жүрсек ол да білікті мұғалімнің төккен терінің арқасы. Алдындағы шәкіртіне білім мен тәрбие беріп, ұстаз деген ұлы есімді арқалап жүрген
осындай жанның бірі Әлия Қалдарбекова ұжым арасында
ерекше құрметке ие.
Мектеп табалдырығын аттағаннан дүниеде бір кірпіш болып қаланудың жолын нұсқайтын, адамды мамандыққа, адамдыққа бейімдейтін жандардың еңбегі ерен. Кез келген адам үшін ұстазынан артық тұлға жоқ.Ұстаз туралы еске алғанда алдымен оның жақсылығы ойға оралады. Сондықтан «Шамшырақ» айдарында өзімнің Қалдарбекова Әлия ұстазым жайында сыр шертуді жөн санадым.
Жеткіншекті тәрбиелеп, мейірімін төгетін әке мен анадан соң өмірден өз орнымызды табуға жол сілтеп, бағыт беретін ұстаздар қауымы. Өзім алғаш мектеп табалдырығын кент орталығындағы №163 орта мектепте бастадым. Бастауыш сыныпта орыс тілінен дәріс беріп, шәкіртіне білікті ұстаз ретінде білім шуағын төккен шығармашыл, мақсатшыл, талапшыл ұстаздың болашаққа жол сілтеуі өзгеше болатын. Оқушы кезімізде орыс тілі пәнінен дәріс берген осы апайымыздың түрі қатал көрінгенімен, жүрегі нәзік болатын. Содан болар, Әлия апайдың сабағы басталар уақыт сынып іші тып-тыныш, оқушылар өз орнында отыратын. Сонымен қатар үй тапсырмасын да орындап, тақтаға шығуға талап қылатын шәкірттерінің де қатары көп еді.
Иә өмірінің 36 жылдан астамын мұғалімдікке арнаған Әлия Мәуленқызын әріптестері білікті, білімді, тәжірибелі ұстаз ретінде де жақсы біледі. «Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады» демей ме халық даналығы. Дәл осы қанатты сөз еңбегінің арқасында өрге шығып, абыройы асқақтап жүрген ардақты ұстазға арналғандай.
Қаскелеңдегі педагогикалық училищенің орыс тілі мен орыс әдебиеті факультетін бітірген ол еңбек жолын 1985 жылы №163 орта мектебінде бастаған.
– Қаншама жыл ұлы жолдың ауыр жүгін арқалап келемін. Алайда мына пандемия кезі сәл де болса да ауырлықты сезіндіруде. Бір сөзбен айтқанда, балалармен тікелей жұмыс істеп, тапсырма беріп, үй жұмысын сұрап, бетпе-бет отырып жұмыс істейтін сәтті сағынып қалыппын, – дейді ұстаз.
Ол мектеп партасына келіп отырған талай баланың арманына қанат бітірді. Келешегі үшін керек білім нәрімен сусындатты. Соның дәлелі болар қазіргі күні оның шәкірттері Қазақстанның түрлі аймағында еңбек етіп, ұстазы жақсының ұстамы жақсы екенін дәлелдеп келеді.
Бұл жөнінде мектеп директорының міндетін атқарушы Айгүл Назарым бетованың да пікірін білген едік.
– Мұғалімнің мәртебесі қай мемлекетте, қашан да жоғары. Әрі мұғалімге жүктелген талап та жоғары. Ал осы талаптар үдесіне шығуды Әлия Мәуленқызы сан мәрте дәлелдеп келеді. Тәжірибесінің арқасында ең білікті деген ұстаздар қатарында. Сондықтан осындай маманымызбен мақтанамыз деп толықтай айта аламын, – дейді ол.
Талапшыл, әділетті, еңбекқор ұстаздан: «Кейінгі буын ұстаздардың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?» деп сұрадым: «Жас мұғалімдер алдымен өздеріне талапты қаттырақ қойса, ізденсе, сабағына өзі де қызықса, балаларды да тарта білсе деген тілегім бар, өйткені бүгінгі ұстаз рухани бай, педагогикалық, шығармашылық тұрғыда дамыған, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген болу керек», – дейді ұстаз.
Қолға алған ісін диірменнің тасындай дөңгелетіп әкететін апайдың өмірлік жары Мұрат уран өндіру саласында жұмыс істейді екен. Екеуінің шаңырақ көтергендеріне биыл тура 36 жыл болады. Осы күні ұлын ұяға, қызын қияға қондырған шаңырақ иелері бақытты ата мен әже.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай бабамыз тегін айтпаған. Әлия апай бұл мамандықты өзінің жүрек қалауымен таңдаған болса, ол оның ыстық-суығына төзіп, зейнет жасына жеткенше шынайы сүйіспеншілікпен шәкірт тәрбиелеуден бір жалықпайтынына сенімдіміз.
P.S. Қазақта «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз бар. Оған қоса Ыбырай Алтынсариннің «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім» дегенін де назарға алғымыз келеді. Әсіресе биылғы әлемдік пандемия кезінде қадірі артқан мамандық – ұстаз бен дәрігер мамандығы болғаны көпке белгілі.
Ұстаздық ғұмырының қымбат кезеңін жас буынды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнаған ұстаздың орны төрде.
Лаура БИБАСАРОВА
17 наурыз 2021 ж. 658 0