№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Елдің болашағы ғылыммен дамиды

Елдің болашағы ғылыммен дамиды


“Шикізатқа арқа сүйеп отырған ел алысқа бармайды. Бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет. Мамандарымыз әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді, білікті болуы керек. Бүгінде алпауыт елдердің арасында барлық салада бақталастық өршіп тұр. Біз осы күрделі кезеңде экономиканың жаңа үлгісіне көше бастадық. Әділ, инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономика құруға кірістік. Ғылым мен инновация оның басты тірегі болуға тиіс”. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғалымдармен кездесуіндегі сөзі. Рас, қоғам мен болашақты байланыстырып, дамудың даңғыл жолына апаратын басты күш – ғылымда. Бұл әлемдік тәжірибе.


ХХІ ғасырдың басында ұялы байла­ныс, интернет деген дүние көпшілікке таңсық болды. Оның болашақтың көпірі екеніне күмәнмен қарағандар да болды. Ал қазір бұл жүйелер арқылы озық технологияның түр-түрі пайда болып, ғылым күннен-күнге түрленіп барады. Тіпті «ақылды қала» мен «ақылды үй» термині қол­данысқа еніп, ол да қоғамда үлкен сұранысқа ие болуда. Енді роботтандыру технологиясы кең таралып, дамыған елдер осы бағытқа толықтай көшуге ниет танытып отыр. Оның бизнес пен үй шаруасына да өте тиімді болып тұрға­ны жасырын емес. Сондықтан ғылым әлемде алдыңғы қатарда тұрған жүйе. Қай мамандықты алып қарасаңыз да ғылымы дамыған саланың көші ілгері басады. Президент елдегі ғылыми салаға барынша қолдау білдіруге бар мүмкіндікті қарастыру керек екенін айтты.
Мемлекет басшысының айтуынша, қазір «Ғылым және технологиялық сая­сат туралы» заң жобасы Парламентте қаралып жатыр. Бұл – өте маңызды әрі көптен күткен құжат.
«Біз көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердің қатарында болуы­мыз керек. Бір сөзбен айтқанда, ғылы­ми әлеуетімізді арттыру қажет. Жалпы, осы бағытта біраз шаруа атқа­ры­­лып жатыр. Мен Ғылым және техноло­гиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында бірқатар нақты тапсырма бердім. Барлық мәселе менің тікелей бақылауымда. Қазір «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы Парламентте қаралып жатыр. Кеше Сенат оны бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл – өте маңызды әрі көптен күткен құжат. Ғылымды басқару жүйесін жетілдіру керек. Ғалымдарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі де өте маңызды. Сондықтан Заңда ғылыми қауымдастықтың мүддесі барынша ескеріледі», деп түйіндеді Президент.
Мемлекет тарапынан нақты жұмыс жасалып жатқанын білімге деген қам­қорлықтан көруге болады. Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейетін болды. Оған бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді. Тағы бір айта кететіні, өткен жылы 284 жас ғалым баспаналы болса, биыл тағы 200 жас пәтерлі болатыны айтылды.
Енді өз ауданымызға оралайық. Жаңақорғанда ғылым саласы жасарып келе жатқаны көңіл қуанта­ды. Қазір барлық мектептерде ғылы­ми жұмыстар жасалынып, байқауларда жас дарын­дар төбе көрсете баста­ды. Мәселен, аудандағы шипажайдың емдік батпағы, Апанғақтың емдік суы зерттелуде.
Ауыл шаруашылығы саласы да ғы­лыми бағытқа бет бұрды. Керімхан Егізбаев ағамыздың төл туындысы қазір Сыр еліне белгілі болып, нарық-та сұранысқа ие. «Тау-кен ісі» саласы­ның жоғарғы кәсіби маманы, профес­сор Талғат Әлменов, биология және география пәні мұғалімі Тұрсынбек Жұпарбаев сынды ұстаздардың білім көкжиегіндегі ғылыми қолтаңбасы бөлек.
Мемлекет басшысының тапсыр­ма­сында болашақ ғалымдардың қолында екені, оған барлық жағ­дай жасалу керектігі айтылды. Ғылымға қажетті нақты база жасақталынса ғылым сапасы бұдан да артады.

Әлібек ТЕМІРБЕК

04 маусым 2024 ж. 271 0