№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «АҚЫЛДЫ ФЕРМАНЫҢ» АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

«АҚЫЛДЫ ФЕРМАНЫҢ» АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?


Бүгінде қарыштап дамыған заманда «смарт» ұғымы сөздік қорға енді. Қазақша мағынасы «ақылды». Жаһан жұрты жаппай осы озық технологияға ұмтылуда. Сан салаға «смарт» ұғымын енгізіп, қырағылық пен шапшаңдыққа бейім қоғамды қалыптастыруда. Бұл да болса, бүгінгідей ғарыштық жылдамдықпен дамыған дәуірдің басты талабы. Көшке ілесу керек. Мемлекеттің де межесі сол. Озық ойлы, бәсекеге қабілетті ұлт ретінде дамыған отыз елдің санатына ену. Кешегі Жолдауда қоғамның барлық саласын цифрландыру, заманауи техниканы ендіру жайы кеңінен айтылды. Тұтастай төртінші жаңа буынға қадам басудың басты он тетігі аталды. Оған қоса, құнды құжатта «смарт» ұғымы жиі кездеседі.
Әсіресе, агроөнеркәсіп кешеніне «ақылды технологияны» енгізу мәселесі күн тәртібінде. Яғни, Жолдауда айтылғандай, егін егу мен астық жинаудың оңтайлы уақытын болжамдау, «ақылды суару», жүргізушісі жоқ техниканы пайдаланып, адами факторды азайтып, егіншіліктің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретіні белгілі. Бұл жаңақорғандық шаруалар үшін таптырмас технология. Себебі, аудан аграрлы салаға бейім. Төрт түлігі тау беткейде, егіншілігі Сыр беткейде. Өкінішке орай, қазіргі кеңестік кезеңнен «мұраға» қалған техникалар мол өнім алуға қауқары жетпейді. Алысқа бармай-ақ көршілес Түркістан қаласындағы жылыжай өндірісімен айналысып отырған шаруалардың жұмысы ширақ. Олар корейлік технологияны пайдалана отырып, интелектуалды жылыжайлар салуға қадам басуда. Әлгінде айтылған «ақылды суару», ішкі температураны ретке келтіру, топырақтың құнарлығын анықтау секілді жұмыстарды «смарт жылыжай» өзі реттеп отырады. Тек қаржыңды қиып, жаңа құрылғыға инвестиция сала білсең болғаны. Жұмысыңда жеңілдейді. Өніміңде арта түседі. Ресми дерекке сүйенсек, республика бойынша онға жуық роботталған сүт фермасы бар екен. Олардың барлығы дезинфекциялауға, тұратын қора-жайды тазалауға, үй-жайлардағы микроклиматты бақылауға, сиыр сүтінің құрамын анықтауға арналған ең озық технологиямен жабдықталған. Жалпы, Смарт-фермалардың жүзеге асуы; өрістердің электрондық карталары, ауа райы туралы нақты дерек, датчиктер мен сенсорлар, ғарыштық мониторинг жасауға және де малдың мониторингін жүргізуге, төрт түлікті, жылыжайды автономды басқаруға болады. Және де шығындарды онлайн тәртібінде талдауға мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру бәсекеге қабілеттілік пен еңбек өнімділігін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін дамытуға даңғыл жол ашады.
Тақырыпқа тұздық болсын. Кентте Мұрат Рыспанбетов деген ағам бар. Бірнеше жыл бұрын заманауи технологияның игілігін шаруасына икемдеді. Үйде отырып, Қаратаудың етегінде жайылып жүрген сәйгүліктерін смартфон арқылы бақылауға мүмкіндік алды. Қымбат құрылғының пайдасы көп. Арнайы GPS енгізілген шағын құрылғыға тапсырмасын енгізіп, айғырдың мойнына іліп қойды. Орнатылған бағдарлама бойынша, әрбір екі сағат сайын өзінің ұялы телефонына не компьютеріне жылқылардың қай маңда жүргендігі жөнінде смс-ақпарат келіп отырады. Яғни, GPS-тің көмегімен электронды картаға кіріп, өрістегі малдың «Өгіз-мүйіз» тауының оңтүстік не солтүістік бағытында жайылып жүргенін бақылай алады. Бұрынғыдай қойшылардың үйін жағалап, тау-тасты аралап, тұлпардың енін түстеп жоқ іздеу жақын жуықта тарих бедеріне енеді.
Иә, бүгінгі заман – жаңалықты һәм жаңашылдықты талап етеді. Инновациялық жобаларды игілігіңе икемдей білсең, олда бір жетістік. Келешек сандық технологияның дәуірі. Оған бейімделу – бәсекеге қабілеттілікті арттырады.
06 ақпан 2018 ж. 1 789 0