№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа технологияның жаңалығы...

Жаңа технологияның жаңалығы...


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында  IT- цифрландыру бағытын дамыту назардан тыс қалмады.

Президент айтқандай, қазіргі за­манда бәсекеге қабілеттіліктің бас­ты факторының бірі – барынша цифр­ландыру жүйесі. Осы орайда Қазақ­станның барлық аймағы жылдам әрі сапалы интернет жүйесімен  қамтылып, халықтың, ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің бойында «цифрлық менталитетті», цифрланған тың жағ­дайларда тиімді жұмыс істей білу қабілетін қалыптастыру аса маңызды.
Біз ақпараттық технологияның дамуымен, мемлекеттік қызметтерді одан әрі цифрландыра отырып, халық толықтай цифрлық экономикаға көшкен кезде, экономика, құжат айналымында, денсаулық саласында, білім беру инфрақұрылымында жаңа қажеттіліктерге бейімделіп, алдағы уақытта ұялы телефон арқылы мем­лекеттік қызметтерді және тауар­ларды уақытылы, ыңғайлы, тиімді  алаалатын боламыз.
Цифрландыру бағытында үлес қосу арқылы қарапайым халықтыңұзынсонар кезекте тұруынан арылып, ұзақ күтуді қажет етпейтін жағдайға жететініміз анық. Бүгінгі таңда бұл дүние біреуге «елестей» көрінуі мүмкін. Дегенмен, қай нәрсенің де өз белесі бар.
Бір кездері ұялы телефон да таңсық еді, қазіргі таңда егде жастағылар да меңгеріп, оның игілігін көріп келеді. IT технология саласы үнемі даму мен жаңару үстінде келеді, енді үйде отырып,  адам өз қажеттігін қамдауға қол жеткізе алады.
 Халық игілігі үшін цифландыру бағытында белсене жұмыс жасау алдағы мақсаттың бірі болып тұр. Бұл тұрғыда  кең көлемде жұмыстар жүргізілуі тиіс. Біз жаңа жүйенің жаңалығын арттыруға күш салатын боламыз.
Эльмира ШОҚЫБАЕВА,
аудан әкімдігінің цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы
05 қыркүйек 2021 ж. 308 0