№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТӨРТ ЖЫЛҒЫ БІЛІМ – ӨМІРЛІК АЗЫҚ

ТӨРТ ЖЫЛҒЫ БІЛІМ – ӨМІРЛІК АЗЫҚ

  Қазақстанның жоғары оқу орындарының қарашаңырағына айналған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне биыл – 85 жыл. 200-ге жуық сала бойынша мамандар дайындайтын ҚазҰУ 16 факультеттен тұрады. Бүгінде бәсекеге қабілетті мамандарды еңбек нарығына шығаруға үлкен үлес қосып жүрген жоғары оқу орнына түсушілер саны артып келеді.

  Халықаралық стандарттарға сай оқу корпустары мен 2 миллион данадан астам кітап қоры бар кітапхана ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттырып, студенттердің маман болып қалыптасуына зор ықпалын тигізуде. Сонымен қатар, біздің университетіміздің бірден-бір ерекшелігі – студенттік қалашықтың болуы. Алматы қаласының ең шырайлы аудандарының бірінде орналасқан «ҚазҰУ қалашығы» деген атымен танымал студенттік кампуста оқу ғимараттары, медициналық орталық, студенттер үйі, спорт комплексі, кітапхана орналастырылған.
Мемлекетіміздің қарыштап дамуына, «білім-ғылым-инновация» аталатын постиндустриялық әлемге нық қадам басуға сүбелі үлес қосып келе жатқан қарашаңырақтың орны ерекше. Жыл сайын мемлекеттік білім гранттарының иегері атанған абитуриенттердің басым бөлігі ҚазҰУ-ды таңдайды. Жоғары білікті мамандар, магистрлер, PhD докторларын дайындайтын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті түлектері бәсекеге қабілетті әрі табысты. Білім және ғылым салаларында, бизнес, ұлттық және шетелдік компанияларда, сондай-ақ мемлекеттік қызметте де жоғары сұранысқа ие.
   Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде түрлі студенттік ұйымдар жұмыс жасайды. Онда университет қабырғасында көшбасшылық қабілетті қалыптастыра отырып, әр студенттің ішкі әлеуетін ашуға, болашақ қызметте жоспарлау мен басқаруды тиімді пайдалану дағдыларын дамытуға жол қойылған.
Міне, осынау 85 жылдық тарихында елімізге белгілі саясаткерлерді, академиктер, табысты кәсіпкерлер мен белді-белді түлектерді тұлға етіп қалыптастыру жолында ҚазҰУ-дың шоқтығы биік, еңбегі ұшан теңіз. Болашақта да дамудың сара жолында бәсекеге қабілетті, білімді де білікті мамандарды дайындап шығаратындығына сенім мол.


 С.ТАЖИЕВА,
Экономика ғылымдарының кандидаты,
менеджмент және маркетинг кафедрасының
аға оқытушысы.
Б.АЛИМАХАМАД,
Мемлекеттік және жергілікті басқару
мамандығының 4-курс студенті.
10 сәуір 2019 ж. 1 012 0