№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

№55 (8869) 26

26 шілде 2025 ж.

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ғалымдармен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ғалымдармен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ғалымдармен кездесті

Ел Президенті Ару қала Алматыға іс-сапарымен келіп, ғылым ордасына да барды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесіп, біраз жылдардан бері жөндеу көрмеген ғимараттың жөнделіп қайта түлегеніне қуанышын білдірді.
– Өздеріңізге мәлім, ғылымға бөлінетін қаржы ұдайы артып келеді. Білікті кадрлар әзірлеуге арналған грант саны соңғы жылдары 1,5 есе көбейді. Қазақстанда әлемнің беделді 12 жоғары оқу орнының филиалы жұмыс істеп тұр. Көп ұзамай тағы бірнешеуі ашылады. Зерттеу жұмыстарымен айналысатын университеттер көбеюде. Технология парктері және инжиниринг орталықтары ашылып жатыр. Жыл сайын 500 ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді. Министрлік жас ғалымдарға мыңдаған грант бөліп жатыр. Мұның бәрі ғылымды дамытуға оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын, – деген сөзі көптің көңілінен шықты.
Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны көбейіп, бюджеттен 18 миллиард теңге қарастырылмақ. Былтыр 284 жас ғалым баспана алса, биыл ғалымдарға 200 пәтер беріледі. Бұның барлығы ғылымға жаңа леп ала келетін жастарды қолдау деген сөз.осылайша мемлекет басшысы ғалымдар мен ғылымды қолдау нақты шаралар арқылы жалғаса беретінін атап өтті.
01 маусым 2024 ж. 312 0