№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Тәлімі ерек, тұлғасы бөлек

Тәлімі ерек, тұлғасы бөлек

Оқушы кезінен шәкірт тәрбиелеп, ұстаз болуды армандаған жанның бірі – Айнұр Мәден. Өзі жас та болса талмай ізденіп, әр сабағын жоғары деңгейде өткізіп, бар білгенін шәкірттеріне үйретуден талмай келеді. Қазіргі таңда оқушыларға дәріс берумен қатар, мобилографияны шебер меңгерген ұстазбен ә дегеннен әңгімеміз осы бағытта өрбіді.
– Трендтке айналған бұл мамандық қазір жастар арасында кең танымалдылыққа ие. Тіпті бұл өнер­ді игергендерге сұраныс та артып келеді, мұны – болашақтың тағы бір мамандығы деуге болады. Мобилографияны меңгеру үшін 500 мыңдап қаржы жұмсап, курста оқудың қажеті жоқ. Аудандық оқушылар үйінде ашылған «мобилография» үйірмесінде талапкерлерді қабылдап, осы өнерге баулып келеміз. Бұл технологияны меңгеруге жастарда құштарлық басым. Телефонның көмегімен әртүрлі бейнероликтер түсіріп, монтаждауға арнайы кәсібилік қажет. Трендке айналған мамандыққа деген сұраныстың көптігі сонша, бүгінде әлеуметтік желі арқылы ақылы түрде курстардан өтіп жатқандардың қарасы көп. Себебі бұл мамандық – ерінбей еңбек еткенге еселеп пайда алып келеді.
Оқушылар үйінде жасақталған үйірме арнайы студиямен, штатив, жарық бергіш сәулелі аппараттар және дыбыс жазу құрылғыларымен жабдықталған. Яғни, шығармашылық бағытта бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желінің жұлдызы атанамын дегендерге барлық мүмкіндік қарастырылған. Бүгінде бұл үйірмеге жылына 35-40 оқушыға дейін қатысады. Мобилография саласын жетік меңгеріп шыққан шәкірттер оны тұрақты кәсібке айналдыра алады, – дейді ұстаз.
Расында, кез келген өнер, шығармашылық адамы мобилографсыз қадам баспайды. Өйткені, атқарған жұмысы жарнамасыз кең тарала алмайды. Өркениеттің өнерін жас буынға меңгертуде талап қылған жаңашыл ұстаз дәстүрлі сабақ қабатында бала қиялын қанаттандырудың бір жолы дейді мұны.
Айнұр Мәденнің шәкірт тәрбиелеумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, біршама жобаларды қолға алғанын білеміз. Ол «Жаңақорған тынысы» газетінің 90 жылдық мерейтойында ақындар айтысының «Бұрымды қыз» байқауының өтуіне тер төкті.

Ол жайында әріптесі Фарида Маханова былай дейді:
– Айнұрдың шығармашылығына ден қойып келемін. Оның ерекшелігі қарапайымдылық пен шынайылықты сақтай отырып сұлулықты көрсете білуінде. Мәселен, таудағы таңның атуын бейнелеуде ол кадрға құстардың сайрағанын қосып, еш эффектсіз табиғат сұлулығын қарапайымдылықпен жеткізеді. Оның осындай сапалы дүниелеріне қызығушылар көп. Тіпті, шәкірттерінің шеберлігі де тәп-тәуір шыңдалып келеді, – дейді ол
– Әр адам мамандығын шексіз сүйгенде ғана үлкен табыстарға қол жеткізе алады. Сондықтан маманды­ғын үнемі дамытуға, жетілдіруге ұмтылады. Өзім бала кезімнен армандаған саланың гүлденуіне өзімше үлес қосқым келді, – дейді Айнұр.
«Оқушының жетістігі – мұғалімнің жетістігі, ал мұ­ғалімнің жетістігі жаңа әдіс-тәсілді тиімді қолдануда» дегендей, оқыту мен оқудың тиімді тәсілдерін қол­дана отырып, нағыз шығармашыл тұлға дайындау – әрбір педагогтің міндеті. Осы жолда талмай тер төгіп, әріптестеріне үлгі болып келе жатқан Айнұрдың шығармашылық еңбегіне тек табыс тілейміз.

Әсел РЗАЕВА

11 тамыз 2024 ж. 1 094 0