№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Ізгілік иірімі


Мұғалім жасөспірімдерге сапаоы білім мен тәлімді тәрбие сіңіретін тұлға. Сондай ұстаздың қатарына Ақбота Рысбаеваны жатқызуға болады. Ол нағыз ұстаз болудың қыры мен сырын үйренуден, үйретуден ешқашан жалыққан емес. Әрбір сабағын көңілді өткізіп, бойындағы күш-жігерін, жан жылуы мен шуағын шәкірттеріне арнап келеді. Кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық өнер – терең өнер. Біз сөз еткелі отырған Ақбота Оңалбайқызы №167 мектептің беткетұтар мұғалімі.


Өзіне сабақ берген ұстаздармен бүгінде бірге жұмыс жасап келе жатқаны да неткен жарасымды десеңізші?!
– Қазіргі таңда оқушылардың тілге, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылықтары бар, бірақ өте аз. Өйткені оқушылар барлық мәліметті интернеттен алуға дағдыланған. Үйдегі ата-анаға да көп нәрсе байланысты. Ата-аналар мектептегі ұстаздарға сенім артып жүре береді. Бұл дұрыс емес. Себебі балалар көп уақытын мұғалімінен гөрі ата-анасымен өткізеді. Оның үстіне, көркем әдебиетті де аз оқиды. Оқулықпен ғана шектеліп қалады. Содан келіп балалар өз ойларын еркін, жатық тілде жеткізе алмайды. Міне, осындай дүниелерді байқағандықтан біз оқушылармен жүйелі жұмыс жүргзіп келеміз. Мектебіміздің басшысы Күлжан Айменованың талапшылдығы мен іскерлігінің арқасында бізде барлығы бір жүйеге келтірілген. Соның арқасында оқушыларымыз облыстық, аудандық олимпиада да, ғылыми жобаларда жүлделі орындарды иемденіп жүр, – дейді ұстаз.
Әр мұғалім өз сабағының – көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Сұқбаттасу барысында оның оқытудағы өз міндетін оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту екенін аңғару қиын емес.
Иә, шәкірт жүрегіне жол тауып, ізгілік нұрын себуге ұмтылған ұстаз еңбегі қашан да бағалы. Енді ғана қалыптасқан жас шыбықтың бойындағы қабілетін дамыту арқылы өзін, әлемді тануға, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетін сезіндіруде мұғалім еңбегі қашанда ерен.
Мұғалім мамандығын тағдырына балаған Ақбота Рысбаева осы жолда еңбекқорлық пен жауапкершілікті бойтұмарына айналдырады. Шәкірттерімен етене араласып, білек сыбана жұмыс жасаған біздің кейіпкеріміз білім беру жолында біраз белестерді бағындырды. Балалардың дүниетанымын кеңейтіп, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздың мақтаулы шәкірттері де жетерлік. Әр жыл сайын облыстық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы атанып жүретін шәкірттері ұстаз мерейін асырып келеді. Ондай сәтте, ұстаздың тынымсыз еңбегінің ақталғанына қуанып, бір жасап қалары анық.
Жарық өмірге ізгілік нұрын себуге ұмтылған ұстаз еңбегі қашанда шәкірті жүрегінде. Баланың бойындағы қабілетін дамыту арқылы өзін, әлемді тануға, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетін сезіндіруде ұлан-ғайыр еңбекпен астасып келетін ащы тердің кермек дәмі қашан да мұғалім мәртебесін биіктетпек. Міне, шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаз Ақбота бала тәрбиесінен бөлек, ағайын-туыспен етене араласып, отбасы жылуын сақтай білген жан. Ол өзі өте қонақжай, қарапайым мінезді, кішіпейіл жан. Қара шаңырақтың отын маздатып, ата-енесінің жағдайын жасап, өмірлік серігі екеуі төрт баланы өсіріп отырған өнегелі отбасы.

Әсел Рзаева

17 мамыр 2021 ж. 595 0