Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Біз оларға мәңгі қарыздармыз

Біз оларға мәңгі қарыздармыз


Жаңақорған ауданынан Ұлы Отан соғысына бес мыңға жуық жауынгер аттанды. Аудан еңбекшілері майданда да, тылда да ерен ерліктің үлгісі көрсетті. Отты жылдары Жаңақорған ауданынан кеткен жауынгер Сайпулла Мырзаевтың тектік құжаттары аудандық архивтің «Ұлы Отан соғысының ардагерлері» атты қор коллекциясына қойылды.


Мырзаев Сайпулла 1924 жылы 5 мамырда а Жаңарық елді мекекенінде дүниеге келген. 1942 жылдың 24 желтоқсаны күні Совет Армиясы қатарына алынған екен. Өзбекстанның Ферғана облысының орталығында 8 ай оқып, сержант шенін алып, Москва түбіндегі Орехова Зуева қаласында 3- ай дайындықта болып, үлкенсынақтардан өтіп Украинаның Сумма облысында тұрған 27 мотоатқыштар командирі гвардия полковнигі Котуновтың басқаруындағы 2-ші корпусының 1-ші гвардиялық танкистер армиясын толықтыруға алынған. 1943 жылдың 24 желтоқсанында Киевтің шеткі ауданы Вишневаға жеткізіліп, таңғы сағат 4-те немістің қорғанысын бұзып, Украинаны неміс фашистерінен азат етуге қатысты. «1944 жылы жоғарғы қолбасшының бұйрығымен біздің армия 1-ші Беларус майданы командирі Маршал Жуковтың қарауына ауыстырылды. Беларус майданынан жалғасын жауынгерлік жорығы Сан, Бух, Днестр, Висла, Одер өзендерінің бойындағы Киев, Виница, Белло-Церковь, Чернобица, Шепетовка, Варшава, Лодзь қалалары үшін болған сұрапыл соғыстармен жалғаса отырып, 1945 жылдың 2 мамыр күні неміс фашизмнің орталығыБерлин қаласына жетіп, Германияның батысының Бранденбург жеріндегі Котбус қаласына дейін барып, 1946 жылдың желтоқсанынан, Дрезден қаласынан Туркия шекарасы Кавказ маңындағы Ахалхалак қаласында 35-ші гвардия атқыштар полкінде, 3 ай тұрып, 1947 жылдың 27 наурыз күні елге оралдық»-деп есіне алып, өз қолымен қағаз бетіне түсірген екен жауынгерСайпулла Мырзаев. Міне осындай өмір мен өлім жолында жүріп, қайтпас қайсарлығын көрсетіп жанқиярлықпен соғысқан жауынгерлердің ерліктері елеусіз қалған жоқ. Сұрапыл соғыстағы ерліктері үшін«Ерлігі үшін», Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен және Жоғарғы басқолбасшы Совет Одағының маршалы Сталиннен 1941 жылдың 22 қаңтарында алған «Алғыс хаттары» түпнұсқалары негіз болады. Сонымен қатар «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы» және «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 20,30,40,50 жылдығы» мерекелік медалымен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К Жуков медалімен марапатталған.
Елге аман-есен оралған жауынгер Сайпулла сондай табандылықпен елге еңбек етті. Жауынгердің елдегі еңбегі аудандағы Жаңарық ауыл советіне қарасты 1 май колхозында басталып, Төменарық станциясындағы Ащысай полиметалл комбинатына қарасты «Горняк» қосалқы шаруашылығында жалғасын тапты. 1954-1970 жылдар аралығында май зауытының Төменарық сүт қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Қызылорда қалалық кардон заводының шикізат дайындайтын бөлімшесінің меңгерушісі, 1970-1976 жылдары аудандық май зауытының өндіріс басқарушысы, 1976-1984 жылдары Қызылорда жылжымалы механикалық колоннасында құрылыс мастері болып еңбек етіп, 1984 жылдың 5 мамыр күні құрмет демалысқа абыроймен шығады.
Еңбек жолында «Еңбек ардагері» медалімен, «Социалистік жарыстың жеңімпазы», «Соғыс ардагерлері комитетінің одағы» төсбелгілерімен және «Құрмет грамоталармен», «Алғыс хаттар»марапатталған. Патима Махантайқызымен отбасын құрып, перзенттер өсіріп тәрбиеледі. Ол 80 жасқа қараған шағында 2005 жылы дүниеден озды.
Отан үшін от кешкен майдангерлердің көрсеткен өшпес ерлігін, қаһармандық өнегесін жас ұрпақ бойында қалыптастыру ең басты мақсатымыз.
Архив қызметкерлері «Ұлы Отан соғысының ардагерлері» қор коллекциясында жеке тектік қор иелерінің құнды деректерін сақтап, ұрпаққа насихаттап келеміз.
Біз оларға мәңгі қарыздармыз.

Рахат МҰсаханова,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві»
КММ «Жаңақорған аудандық архиві» филиалының қойма меңгерушісі

07 мамыр 2024 ж. 610 0