Соңғы жаңалықтар

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

№79 (8790) 5

05 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Рухы биік танкистің тағылымы

Рухы биік танкистің тағылымы


Музей – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы. Тасын түртсең, тарихы сөйлейтін Жаңақорған топырағы – тарихи мұраларға бай киелі мекен. Жас та болсам, өлке тарихымен танысу ниетінде аудандық музейдің босағасын аттап, құнды жәдігерлермен танысып қайттым.


Өзім тарихқа қатты қызығатын болғасын музейдегі «Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің экспозициясы» бөлімінен құнды тарихи тұлғаға қатысты мәліметке тап болдым. Жеңіс күнін жақындатқан жаңақорғандық батыр жауынгердің бірі – Айтмағанбет Нақыпов жайлы білдім. Өлкетану музейінде батыр ерлігімен жақыны­рақ танысып, қосымша өзім де кітапханадан, тарих пәні мұғалімдерінен сұрастырып, іздендім. Музейге қойылған өмір жолы мен алған наградаларының көшірмесіне қанықтым. Жалпы ақпарат ретінде айта кетейін, Жаңақорған ауданынан Ұлы отан соғысына 4949 жауынгер аттанған. Оның, 2643-і елге аман-есен оралып, ауданның еңсесін тіктеуге еңбектенді. Міне, соның ішінде, Кеңес Одағының батыры ата­ғы бұйырмаған жауынгер жерлесіміз Айтмағанбет Нақыповтың тарихи ерлігіне кеңінен тоқталайын деп шештім. Тағы да бір танымдық дерек, батырдың туғанына биыл 100 жыл толып отыр екен. Осынау айтулы мерейтой аудан деңгейінде ғана емес, облыс көлемінде аталып өтсе де жарасымды болар еді.
Батыр Айтмағанбет 1924 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Соғыс басталғанда алғашқылардың бірі болып, ерікті ретінде 18 жасында военкоматқа барып, одан әрі Ашхабад қаласында­ғы танк училищесіне аттанады. Ұрыс даласындағы оқу-жаттығуға әбден машықтанған жаңақорғандық жауынгер майдан даласына жіберіледі. Ол Киев, Житомир, Львов, Краков қаласын азат етуге және Курск доғасындағы шайқасқа қатысты.
Ең басты ерлігіне тоқталсақ. Айтмағанбет Нақыпов Берлин шайқасында танк полкінде «Т-34» маркалы 242526 танк экипажында көздеуші-атушы болды. 1945 жылы 19 сәуірде Нақыпов бастаған 229-жеке танк полкі қаланың шет аймағынан Берлинге басып кірді. Осы тұста, айрықша атап өту керек, қанды шайқаста Берлинге алғаш кірген Нақыповтың танкі р Рейхстаг түбіндегі тұғырға есерктіш ретінде қойылды. Пулемет оқтаушы-атушысы А.Нақыпов бастаған танкке кескілескен майданда Рейхстаг түбінде снаряд тиеді. Танк өртеніп, командирі лейтенант Минаев пен сержант Минаметдинов қаза табады. Ал жараланған Нақыпов госпитальға түседі. Бұл жөнінде жаңақорғандық жауынгер өзінің сұхбатында былай деп еске алады:
– Біз күндіз-түні шабуыл жасай отырып, 1945 жылы 19-сәуірде Берлин іргесіндегі Тельтов қаласына тоқтадық. Берлинге шамамен 18 шақырым қалған. Тельтов қаласындағы жауды айналдыра қыспаққа алып, оқ жаудыру арқылы шабуыл кешке дейін созылды. Таң алдында қаланы алып, ілгері тарттық. 21-сәуір күні Берлин қаласының оңтүстік қапталынан кірдік. Біздің танк армиясын басқа артиллериялық корпустармен дивизиялармен, авиация корпусымен нығайтып жатқанын байқадық. 25-сәуірдің таңын үлкен шабуылмен бастадық. Берлиннің іргесіндегі жау бекінісін бұзып өтіп, қиындықпен ілгері жылжыдық. Біз қаланың Герман Геринг көшесі бойымен шабуыл жасай отырып, орталық алаңның қақ ортасынан шықтық. Командиріміз Минаев «Рейхстаг көрінді» деп қолын алдыға нұсқады. Қою түтіннің арасынан бұлдырап биік күмбездері бар сұр ғимарат көрінді. Рейхстаг сол екен» деп еске алады соғыс ардагері.
Осындай ерліктің символы ретінде А.Накиповтың оқ тиген болат құрсаулы 24256 нөмірлі танкісі Берлиндегі Рейхстаг тұғырына қойылды. Бұдан бөлек, жаңақорғандық жауынгер 1-дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Берлинді алғаны үшін», Тула, Орел, Киев, Прага, қаласына азат еткені үшін медаль иегері атанды.
Жалпы қорыта айтқанда, 2-дүниежүзілік соғыста ерлігі үшін 500-ге жуық қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алайда А.Нақыпов секілді батыр атағына лайықты қаһарман назардан тыс қалды. Батыр ұрпағы, Алматы қаласында тұратын қызы Жанар қанша рет жоғары органдарға ұсынысын айтса да нақты шешім қабылданбады. Халықтың құрмет белгісі ретінде һас батыры Айтмағанбет Нақыповқа биыл 100 жылдығына орай, егемен елдің ең жоғарғы «Халық Қаһарманы» атағын неге бермеске? Бұлда болса, біз секілді жас буынға үлгі болары айқын.

Алина Саматқызы,
С.Сапарбеков атындағы №125 орта мектептің 10 сынып оқушысы
30 сәуір 2024 ж. 2 300 0