№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бір өзі жауға шапқан жауынгер қазақ

Бір өзі жауға шапқан жауынгер қазақ

1944 жылы Венгрия еліндегі Эрчи ауылының маңындағы Дунай өзенінде екі күнге созылған қанды шайқас болған. Сол бір қырғиқабақ соғыста алғырлығымен көзге түскен қазақ жігіті өзінің ержүректігін көрсетті. Ол Исағали Қашкенов болатын.

1914 жылы Алматы облысында туып, 1941 жылы Ұлы Отан соғысына шақырылған. Соғыс жылдарында  Николайдың Қызыл ту орденімен марапатталған Суворов дивизиясының 108-гвардиялық атқыштар полкінің 311-атқыштар бөлімінің командирі әрі гвардия сержанты атанды. 1944 жылдың 13 қарашада ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған екен.
Алайда Дунай өзеніндегі шайқаста оның ерлігі еленбай қалды. Оның орнына 311-атқыштар бөлімінің подполковнигі Рудкоға «Қызыл Ту» ордені табысталған.

Ашығын айтсақ, Дунай өзенінен өту кезінде Исағали бір топ жауынгермен өзен жағасына бірінші болып жіберілген. Олардың мақсаты – Дунайдың оң жақ жағалауына түсіп, плацдармды басып алу.
Алайда Исағали өз тобын қайықта қалдырып, жағалауға жалғыз өзі түскен. Жауға барын білдіртпей ол қарсыластың қорғанына қосылды. Сол жерде біздің жаяу әскерге қатты соққы беретін тұзағын байқап қалған. Содан жауға ым-жымын білдіртпей, ешқандай атыс-шабыссыз немістің зеңбіректерін шешіп, өз кәдесіне жарата білді. «Біреуге ор қазба, қазсаң – терең қазба, өзің түсесің» дегендей, жау бізге жасаған қақпанына өзі түсті. Сөйтіп, арттан ерген сарбаздар жауды лап берді. Осы кезде қарсыластың 14 жауынгері атылып, 19-ы қолға түсті. Осының арқасында советтік батальондар өзеннен еркін өтіп, плацдарымды жаулап алуына орайы туды.
            Соғыстың екінші күні, 5 желтоқсанда неміс алып жүретін төрт зеңбірек және екі бронетранспорттың көмегімен 7 рет шабуыл жасаған. Соның өзінде Исағали 15 шақты жаудың офицері мен сарбазын құлатқан болатын.
07 мамыр 2020 ж. 948 0