» » » Кеңес Одағының Батырына 107 жыл

Кеңес Одағының Батырына 107 жыл

1912 жылы 28 желтоқсанда Ұлы Отан соғысына қатысушы, Орталық майданның 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 231-ші гвардиялық атқыштар полкінің автоматшысы, Кеңес Одағының Батыры Сәлім Нығметұлы Айтқұлов дүниеге келді.
Ол Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Мұқыр ауылында туған. 1930 жылы Оралда 9 сыныпты бтіріп, сонда зауытта еңбек етті. 1941 жылдың шілдесінде Қызыл Армия қатарына алынды. 1941 жылдан майданда. 1943 жылдан БКП(б)/КПСС мүшесі. Ефрейтор С.Айтқұлов Киевтің сол жағынан Днепрді кешіп өтуде батырлық көрсетті, Глебовка және Ясногородка селоларындағы плацдарымды босатып ,ұстап тұруда қаһармандық ерлігімен ерекшеленді. 1943 жылғы 17 қазанда оған Днепрден өтудегі батырлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин ордені мен Алтын жұлдызды ержүрек жауынгерге Кремльде М.И.Калинин тапсырды. Госпитальдан шыққаннан кейін Одесса жаяу әскерлер училищесінде оқып, кіші лейтенант әскери атағына ие болды. Соғыстан кейін Қазақ КСР Орал облыстық тұтыншылар қоғамында ұйымдастыру бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
28 желтоқсан 2019 ж. 817 0