№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ер Есімі ұмытылмайды

Ер Есімі ұмытылмайды

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл 78 жыл. Бірақ кеңес халқының ержүректігі мен төзімділігін сынға салған бұл күн тарихта мәңгілік жазылып қалды. Сол бір сұм соғыстың қасіретті іздері адамзат санасынан еш өшпек емес. Оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа буынға өсиет. Отан үшін отқа да түскен соғыс ардагерлерін ардақтау – абыройлы міндет.
Осындай майдангердің бірі – Ұлы Отан соғысының ардагері Қожахмет Ауанов сынды абыз ақсақалдың орны ерек. Ол 1923 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Жаңарық ауылында дүниеге келген. 1936- 1942 жылдары Жаңарық орта мектебінде білім алды, 1942 жылы наурыз айында әскерге шақырылып, Алматы қаласында әскери дайындықтан өтіп, мамырдың 10 жұлдызында соғысқа аттанады. Алдымен Саратов облысы Татишев ауданында оқу жаттығудан өтіп, сол оқу жаттығуда аға сержант атағы беріліп, 1942 жылы 22 тамызда Сталинград майданына кіреді. 1942 жылы қыркүйекте аяғына оқ тиіп, жеңіл жараланып, Камчатка қаласының госпиталінде емделген.
1942 жылы госпитальдан шыққаннан кейін соғысқа қайта аттанып, 7 қыркүйекте сол қолын ауыр жаралап, Сидорон қаласынан Кемерово облысы, Кемерово қаласындағы госпитальде емделеді. Содан 1943 жылы 12 наурызда Ұлы Отан соғысының 2-топтағы мүгедектігімен елге қайтады. Қожахмет Ауанов 1943-1944 жылдары аудандық совет атқару комитетінде нұсқаушы болып жұмысқа орналасып, 1945 жылы партия қатарына өткен. 1947-1954 жылдары аудандық тұтынушылар одағы жанындағы тамақтандыру орнының директоры қызметін атқарған. 1954 жылдан бастап Жаңарық колхозының «Қарамал» фермасы меңгерушісі болып, табанды еңбек ете білген. 1956-1959 жылдары ауылдық тұтынушылар қоғамында бухгалтердің көмекшісі болып қызмет атқарған. 1959-1965 жылдары аудандық тұтынушылар одағына және 1965-1971 жылдары аудандық дайындау конторасының қойма меңгерушісі болып қызмет атқарған.
1971-1975 жылдары Түгіскен каналының қазылуына байланысты ПМК мекемелері және арнайы жұмысшыларды азықтүлікпен қамтамассыз ететін контор ашылып, аудандық совет атқару комитетінің қаулысымен сол «Водстрой» конторын басқарды. 1975-1988 жылдары Келінтөбе, Түгіскен, Өзгент совхоздарына күріш егу мақсатымен жерлерді өңдеуге Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты «ПМК» №29 мекемесінде экспедитор жабдықтаушы мамандығы бойынша абыроймен қызметін атқарған. 1988 жылы осы мекемеден облыстық дәрежедегі зейнеткерлікке шықты. Қожахмет Ауанов Ұлы Отан соғысының 2-топтағы мүгедегі, Ұлы Отан соғысының 1-дәрежелі «Жеңіс» және «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл», медалымен, Кеңес Одағының бірнеше медальдарымен марапатталған. Ол 2014 жылы 16 шілдеде дүниеден озды. Артында қалған ұлқыздары әке атын өшірмей, биік ұстап, қара шаңырақтың шырайын келтіріп отыр. Ұпақ сабақтастығы адам баласының ең ізгі арманы емес пе? Майдангердің бүгінде 26 немере, 63 шөбере, 6 шөпшегі өсіп-өніп келеді. Майдангер жайында әке ізін жалғастырып, ауданда абыройлы қызмет атқарған ел ағасы Молдахмет Ауанов былай деп еске алады:
– Әкем Қожахмет Ұлы Отан соғына жердің азаттығы, бауырдың амандығы үшін қатысып, өмірін тәуекелге тігіп, соғыс даласында кеудесін отқа да тосты, оққа да тосты. Әкем ешқашан өзінің бойындағы асыл қасиетін жоғалтқан емес. Өте қанағатшыл, байсалды кісі еді. Майданнан аман-есен келгеніне шүкірлік етіп, артында ұрпағы болғанына, елге қызмет еткеніне риза болатын. Балаларын ешкімнің ала жібін аттамауға, біреуден пайда көрем деген ниеттен аулақ болуға үйретті. «Әркімнің өз несібесін Алла Тағала өзі береді» деп айтатын, – дейді майдангер ұрпағы. Жыл сайын әкесінің көзі тірісінде асыға күтетін Жеңіс күнін атап өту дәстүрі майдангер әулетінде бүгінге дейін жалғасып келеді. Ең алдымен майданда қаза тапқан азаматтардың рухына Құран бағыштап, елдің амандығына дұға жасау – бұл өзгермеген үрдіс.
– Әкем марқұм Жеңіс күнін атаусыз қалдырмайтын. Мерекеге дайындалатын. Себебі, Жеңіс күні, оққа ұшқан, майданда қаны төгілген боздақтар туралы айтып, көзіне жас алып еске алатын. Мен әркез асқар тау әкемді мақтан етемін, балаларыма, немелеріме шежіре етіп айтып отырамын. Өйткені, әкемнің батырлығы, қайсарлығы өскелең ұрпаққа өнеге, – дейді ұлы Молдахмет. Иә, Отанына адал еңбек еткен азаматтың есімін жаңғырту – парыз.

                                                                                                                                                   Әсел Рзаева
11 мамыр 2023 ж. 228 0