Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Емінен дауа тапқандар көп

Емінен дауа тапқандар көп


Қазірде жасөспірімдер мен жаңа туған сәбилер арасында туабітті дерт түрлері аз емес. Осындай сырқаттың бірі - ортан жіліктің ұршық басы дисплазиясы. Дүниеге келген нәрестенің жартысынан көбі осы сырқатқа шалдыққан. Айтусыз келген дерт алқымнан алғанда ауылдағы ағайынға көмек қолын созған жандардың бірі - ауыл дәрігері Гүлнар Далаеваның есімі бүгінде көпке таныс.


Көп жылдар Қожакент ауылдық емханасында тер төккен ол зейнетке шыққан соң да кәсібінен қол үзіп кете алмай отыр. Көмегін қажет еткендер емін-еркін есігін қағып, ем алушылар қатары әлі де үзілген емес. Ауылдағы әрбір отбасымен етене болып кеткен Гүлнар апай да әрбір ауылдасының хал-ахуалы­нан жақсы хабардар. Сондықтан жасалатын ем де тиянақты. Ауыл дәрігерінің балалардағы ұршық басы дисплазиясына ем жасап жүргеніне ширек ғасырға жуықтады. Алғашқыда ауыл емханасында акушер-гинеколог қызметін атқарған оның көмегіне аудан жұртшылығы да жиі жүгінеді. Балалар арасындағы ұршық дисплазиясы туралы Гүлнар Далаева сөзін төмендегіше өрбітті:
– Балалардағы ұршық басының толық жетілмеуі жүктілік кезіндегі ананың дұрыс күтінбеуінен, ин­фекциялық аурулармен жиі ауыруынан, жатыр ішіндегі судың аз болуынан туындауы мүмкін. Дегенмен, дер кезінде байқап, ем-шараларды уақытылы қабылдаудың сырқаттың ертерек жазылуына айтарлықтай септігі бар. Көп жағдайда ата-ананың салғырттығынан уақыт өткізіп алады да, баланың сүйек-буындары қатайып, емдеу кезінде қиындау болып жатады. Сол себепті бала денсаулығына бей-жай қарамай, мейілінше жиірек дәрігердің қарауына апарып тұрған абзал, – дейді ол.
Ұршық басының толық жетілмеуін массаж арқылы қалыпқа келтіру емдеудің негізгі тәсілі десек те болады. Массаж баланың жасы мен аурудың түріне қарай 3 айдан 10 айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Массаж барысында ары қарайғы ем-шаралардың қажет немесе қажет еместігі анықталып, басқа да ем-дом тағайындалуы мүмкін. Ұршық дисплазиясын емдеуде массаждан бөлек, парафин қою немесе басқа да свет-аппараттармен қыздыру сияқты ем түрлері қолданылады. Қуантарлығы, аталмыш ауруды емдеудің бұл тәсілдері бүгінде ауылдық жерлерге де қолжетімді. Қазірде көп тараған аурудың аяқалысын көрген ауыл дәрігері сөз арасында парафинмен емдеу әдісін Алматы қаласынан арнайы оқып келгенін айтты.
Расымен, қазірде екі үйдің бірінде баласына арнайы массаж қабылдап, сүйек буындарының дұрыс дамуына ден қойып жүрген ата-ананың көбейіп тұрған сәті. Сәйкесінше, сәби тағдырын ойыншық етіп, “үйден массаж жасап берем” деген жарнама беруші “дүмше” емшілер де азаймай тұр. Қандай да бір кәсіп иесінің әрекетіне берекет Алладан екені хақ. Десе де, сатып алынған сертификатпен сәби саулығына араша болам деу қиянат. Айтпағымыз, арнайы курстан өтті деп мөрленген қағаз алудан бұрын құдайшылықты ұмытпаған жөн. Осындайда, "тауық сойса да қасапшы сойсын" – деген қазақ мақалы еріксіз ойға оралады.
Сөз басында айтқанымыздай, ауылдағы маман ата-ананың көңілін демдеп, бар білгенін аянбай, бала сырқатын емдеуге барынша үлес қосуда. Арнайы шина-корсеттер кигізіп, түрлі свет-аппараттармен ем жүргізеді. Парафин қоюдағы арнайы ықтияттылығы да зейнеткер маманның бала денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарайтынын аңғартады.

Жәмила ЕРМАХАН

02 сәуір 2024 ж. 389 0