Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бала жанының шипагері

Бала жанының шипагері


Ауданның денсаулық саласында қырық жылға жуық қызмет етіп, халықтың алғысына бөленген массажшы Хадиша Әбдіқадырқызының есімі жалпы Жаңақорған жұртшылығына жақсы таныс.

 Оны танымал еткен ақ желеңді жамылып, аурухана қабырғасында өтіп келе жатқан еңбек өтіліне қоса табиғат сыйға берген өзіндік қабілеті де. Ол бойындағы биоөрістік ерекше табиғатымен сырқат сырын тамыр ұстап тауып, өздігінше ем-дом да жасай біледі.
 
 Өз басым емші апаның алдына балам ауырып екі рет бардым. Сырқат себебін дәл тауып, ем-домын жасап, сәбиім аяққа тұрып кетті. Әуелі Алла, екінші сол кісінің құдіреті деп білемін.

 – Мен 1963 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келдім. №51 орта мектепте білім алып, 1982 жылы Түркістан медицина колледжінде «жалпы мейірбике ісі» мамандығын бітіріп, еңбек жолымды 1984 жылдан бастап аудандық аурухананың «балалар бөлімінде» мейірбикеден бастадым – дейді ол.

 1988-1994 жылдар аралығында аудандық емханада «Неврология» бөлімінде мейірбике болып жұмыс атқарған.
 1994 жылдан бастап осы уақытқа дейін аудандық емханада «массажист» болып жұмысын атқарып келеді. Ол бәрінен бұрын балалардың денсаулығын жоғары қоятынын айтты.

 Көбіне балалардың туа біткен ұршық шығуы, ұршық буынының дисплазиясы, ұршық дамымауы, мойны қисық біткен, неврологиялық есепте тұратын балалардың ауруын дер кезінде анықтап, массаж жасау арқылы емдеп жазып келеді.

 Жан-жақтан келетін балалар да көп. Жақында ғана редакциямызға арнайы соққан ел ағасы Мажит Балқожаев ағамыз немересіне дәл диагноз қойып, емдеп журген шипагер Хадиша апа жайлы газетімізге жазуға өтініш айтқан еді. Көпке жарығы түсіп жүрген азаматты ел болып біліп, жете бағалап жүрсе екен деген ниет шығар. Ағаның бұл қолқасын біз де қолдай кеттік. Емші апамыздың отбасына арнайы соғып еңбек жолы туралы осындай сыр түйдік.
Әсел Ибрагимова
08 мамыр 2023 ж. 401 0