Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ – МІНДЕТТІҢ ЕҢ БИІГІ

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ – МІНДЕТТІҢ ЕҢ БИІГІ


Қазақ ауылда туып, тамырын тереңге тартқан халық. Сондықтан ауыл халқының өмірін оңалту мақсатында мемлекеттік деңгейде қолдау аясы кеңейді. Біздің айтпағымыз, мемлекеттік қызмет түрлерін құзыреттілік шеңберінде тиянақты атқару әрбір жауапты тұлғадан сауаттылықты ғана емес, жанашырлықты да талап етеді. Әрбір қарапайым тұлғаның талап-тілектерін қанағаттандыру, таным-түйсігіне тосындау түрлі құжаттармен қамтамсыз ету тәртібінде міндетті түрде атқару органдары қызметкерлерінің көмегі қажет-ақ.
Мемлекеттік қызметкердің халықпен қарапайым қарым-қатынасы бәрінен бұрын елдің ертеңге деген жарқын сеніміне жол ашары сөзсіз. Кейде бір ғана қағаздың соңында ашпайтын есігін күнде қағып, қолдан жасалған кедергілерге кезігіп, тауы шағылып жүретін базбіреулерді көргенде өз жұмысына салғырт қарайтын немесе өз қызметінің бет-беделіне нұқсан келтіруге арланбайтын тоңмайын кадрлардың кездесетініне көзіңіз жетеді.
Ауылдық әкімдіктерде елмен етене жұмыс істейтін бас мамандар екені даусыз. Атаулы мереке қарсаңында өзіміз білетін осындай азаматтарды газетіміздің бетінде жариялауды жөн көрдік. Шалғайдағы елді мекендерде еңбек жасап келе жатқан осындай тұлғалардың біріне таңдауымыз түсіп, ауылының әкіміне ұялы телефонына хабарласқан едік. Қолқамызға қырын жауап беріп, ә дегеннен жаратпаған сыңайын жасырмаған қарағымның діңкілдеген үні кәдімгідей көңілімізге дақ салды. Сонда қатардағы жұрт қайтпек екен? Дегендей-ақ, өзінің бас маманы туралы жазуымызға ықырар емес екенін сездірді.
Хош деп, көңілдің көп дөненіне қайта құрық салып, әдеп салтын сақтаған, мінез көркін баптаған маңдайы кере қарыс марқасқаны алдыға салып, айрандай ұйыған ынтымағымен тірлігі төрге, өнегесі өрге басқан ауылдардың қатарында Сүттіқұдық ауылдық округі бас маманы Жанар Баянбайқызымен тілдесуді ұйғардық.
Жанар біздің алғашқы қойған сауалымызға орай өзінің сапасы бойынша қызмет функцияларына жеке-жеке тоқталып, түсіндіріп өтті.
Әкімдіктердегі бас маманның міндеті – ауыл халқының әлеуметтік даму көрсеткішін саралап, жүйелі түрде есеп беріп отыруға тиіс. Бүгінгі күндері атаулы әлеуметтік көмек түрлері жаңа форматқа көшті. Осыған байланысты жаңадан «Е-халық» бағдарламсының бағасы түзілуде. Бұл бағдарлама арқылы әрбір отбасы мүшелерінің әлеуметтік те, сапалық та, денсаулығы бойынша да статусы толық нақтыланып, бір жүйеге топтастырылады. Қазірдің өзінде ауыл халқы мекен-жай тіркелімі, отбасы құрамы, мал-жан есебі туралы анықтаманы өз ауылдық әкімдіктерінен алуға қолжетімді болып отыр.
«Әкім – біреу, халық – оған тіреу» қасиетті қағидасымен жымдаса өріліп, өнеге өркен жайған өңірде береке байырқалап, ырыс-құттың кемімесіне кепілдік беруге болады.
Бұл ауылда көп жылдар түйіні тарқа .. келген ауыз су мәселесі шешілгелі бері ел жағдайы толық жаңарды. Ауыл жастарының көбі жұмыста сыртта жұмыс жасайды. Бірақ цивилизацияны өздерімен ауылға әке-шешесіне жаңа үлгіде үй салып беріп жатқан да солар.
Бұл ауылдағы әрбір жанұяның жағдайын бес саусақтай білетін жанашыр азамат – Жанардың пікірінше елдің келешегі бұдан да жарқын болмақ. Бұл үшін тек еңбектену керек.
Биыл аудан әкімі бастамасымен ауылда агроаймақ ашу қолға алынды. «Шілдекі» тоғанының суға толуын тілеген жұрттың екі қолы алдына симай отыр. Әрбір тұрғын үй иелері скважинамен су шығарып, есік алдын көгертуге мүдделі.
– Елдің ішкі жағдайының тұрақтылығы, кәсіпкерлікке кең өріс, жаңа жұмыс орындарын ашу алдыға қойып отырған басты мақсатымыз осы, – дейді мемлекеттік адал қызметші, атамекендегі әрбір отбасына жақын да жанашыр ару Жанар Аманбаева. Бізде шағын ауылдың етек-жеңін қымтап, абыройын асырып, түтінін түзу ұшырауда тыңғылықты еңбектерімен тер төгіп келе жатқан мемлекеттік қызметкерлерге тек қана табыс тілейміз.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
19 маусым 2018 ж. 1 258 0