№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Сырғалыммен сырласу

Сырғалыммен сырласу


Қазақтың табиғатымен біте қайнасып кеткен жеңге мен қайын, балдыз бен бажа, абысын мен келіннің арасындағы қарым-қатынасқа қаяу түссе оған қоғамды емес, адамның өзін кінәлаған дұрыс шығар. Неге десеңіз өркениетке қадам басқан қоғамда өмір сүру салтының өзгеруі заңдылық, бірақ кісі көңіліндегі нәзік сабақтастықтың нақышынан ажырамауы отбасы мен айнала ортаның тәрбиесіне де аса байланысты.


Қожакент ауылы Мәдениет үйі және әйелдер ұйымы бірігіп ұйымдастырған «Сырғалыммен сырласу» атты өнер кешінде осы салт-дәстүріміздің діңгегін таразылап, ұмыт қалған тұстарын ұлықтау мақсат етілді. Шараға қазақ аналары «Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыс бойынша төрайымы Алтынай Былаева арнайы келіп қатысты.
Шараның ашылу шымылдығында сөз алған Алтынай Мырқықызы ашылғанына үш жыл болған өзі басқаратын қоғамдық ұйымның жұмысымен таныстырды.
– Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді жаңғыртуда алдымен аналар болып ақ кимешегімізді киюді қолға алдық. Әже атаулыға әр берген осы бір қасиетті ақжаулық күмбір кеуде, келісті болмысыңа көрік беріп ерекшелеп тұратынына да көзіміз жетіп келеді. Көпшілікте жас-кәрі еркек-әйел демей бұрылып келіп, сәлемін беріп жатады. Бұл да көненің көзінің өзіндік киесін әйгілеп тұрғандай. Осы киім үлгісіне көшуді үгіттеу бір бөлек, онымен қоса ішкі әлеміміз де өзінің негізін тауып, ниетімізді түзулеп жатса қандай ғанибет. Қазір жалаң бас, жалбыр шаш қыз көбейді, егде жастағы әйелдердің өзі әдептен жаңылып, әлеужеліде нешетүрлі қылықтарымен көз ұялтады. Біз бұл қалпымызбен кімге ақыл айтып, кімге тұлға бола аламыз?
«Ел болам десең бесігіңді түзе» дейді Тілегімізді қосып, тірлігімізді жолға қойғандағы мақсат – дала даналығымен тұтасқан дәстүр-салтымызды тірілту. Алдымен өзіміз соны нық ұстай білсек ұрпақ тәрбиесінде де ісіміз нық, өнегеміз өрісті болмақ, - деді ол.
Ел бойынша бірлестіктің құрамына 25 мың ана мүше болып кірген. 18 жастан 85 жасқа дейінгі қыз-келіншек, әйел-аналарды қамтитын ұйымның алға қойған айқын бағдарламасы да бар. Енді осы жұмыстарды жүйелеп жүргізіп отыру керек.
Бірлестіктің Жаңақорған ауданындағы филиалының ашылғанына үш айдай болыпты. Бұдан бұрын Екпінді ауылында үлкен іс-шара ұйымдастырылған. Бұл елді мекенде ұйымдастырылып отырған екінші шара, Бірлестіктің осындағы филиалының жетекшісі, білікті ұстаз Назым Рашидова шараны жеңге мен қайынсіңлі жұптары арасындағы өзара сайыс түрінде өткізуді ұйғарыпты.
Сайыс басталмас бұрын республикалық «Ел құрметі» қоғамдық қорының «Алтын дәрігер» медалімен денсаулық сақтау сала­сы ардагері Гүлнар Әбдікаримова, «Құрмет­ті ардагер» медалімен Нәзипа Аманова, «Асыл ана» төсбелгісімен Қатира Юнусова марапатталды.

ӘР АУЫЛДЫҢ ӨЗ "ДОМАЛАҚ АНАСЫ" БАР

Қожакент ауылындағы №168 орта мектебінде ұстаздық еткен, одан әрі сол мектептің директоры болған Үміт Хасенова апамыз бүгінде жетпістің бесеуінде. Осы кеште ауыл аналары болып бәтуаласып, ол кісіге «Домалақ ана» есімін еншілетуді ұйғарыпты. Әрине, мұндай мәртебені меншіктеп, тарихи тұлғаның мінез-болмысы биігінен табылу үлкен жауапкершілік. Жұрт алдында осы мазмұнда сөз саптаған Үміт апа өзіне үлкен сенім артқан ел-жұртына, шәкірттеріне алғысын білдірді. Ақ батасын берді.
Кештің келесі бөлімі қайынсіңлі мен жеңгенің қол ұстасып өнер сынына түскен қызықты сайысына ұласты.
Сайысқа қатысушылар сәлем беру, өнер көрстетуден бөлек «Жеңгесі бар қандай-ды» шарты бойынша салт-дәстүрдің өзіндік өрнегін танытатын көрінісін сахналады. «Зерделі болса жеңешем» бөлімінде ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, «Бармағынан бал тамған» бөлімінде әрбірі өзінің шеберлігін паш етті. Қазылар құрамында Алтынай Мырқықызы, Раушан Назарова, Рысжан Төлепбергеновалар әрбір қатысушының еңбегін әділ бағалауға тырысты.
Байқауға қатысушылар қатарында Сан­дуғаш Нұрхожаева қайынсіңлісі Гүлімай Мамытовамен бірге, Әбітай Ділда Зияда Мақсұтовамен бірге, Нәзира Әбілқасымова, Жасмин Орынқожа мен, Рахматулла Арайлым, Жолдасбек Нұршатпен сайыстың бүкіл шарттары бойынша үлкен дайындықпен келгендіктерін байқатты.
– Қыздарымыз бен келіндеріміздің қазақтың ұлттық киімін киген көрінісі көзімізге қуаныш ұялатып отыр. Киімде де үлкен мән бар. Ұлттық құндылықтарымызға қайта қауышу­ға ұмтылған ниет-пыйғылымызды алдымен өзімізден бастайық деп қарқарадай сән түзеген үлкен апалардың үлгісі ауыл өміріне де өзгеріс әкелгендей. Үлкен ризашылығымды білдіремін, - деп тілек айтқан ауыл ақсақалдары төрағасы Әбдразақ Абдуллаев ақ батасын арнады.

Баян ҮСЕЙІНОВА

02 наурыз 2024 ж. 481 0