№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көркем мінез мінбері

Көркем мінез мінбері

Анадан асқан асыл жоқ. Шыр етіп өмірге келген күннен бастап жылуын аямаған жанның мейір-махаббатына жетер ештеңе жоқ. Осы бағытта аудан әйелдер кеңесі жұмысына ұйытқы болып, іс-шаралар атқарып келеміз. Ауданның белсенді аналары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қоғамдық ұйымның қанатын бірге көтеріп келеді.

Ана – әлемнің шуағы, қоғамның жанашыры. Олар үздік ұйымдастырушы, беделді тұлға. Елдің дамуына жан-жақты қолдауын танытып, руханияттың қалыптасуына септігін тигізіп жүрген асылдарымызды айтулы мерекемен шын жүрекпен құттықтаймын!
Көктемнің алғашқы күні «Сырласу» қыз-келіншектер клубын ашудағы басты мақсатымыз – әйелдердің рухани-мәдени дамуына жол ашу. Бұл клуб алдағы уақытта аудандағы әйелдердің мәселелерін тыңдап, рухани қолдау беретін орталыққа айналады. Бүгін соның алғышарттарын аудандағы белсенді аналармен бірге отырып, бағдарламасын бекіттік.
Ауданда 42 мыңнан астам әйел болса, оның туу жасындағылар 15397, зейнеткерлері 520 мың. Жыл сайын бала туу көрсеткіші артып, мерейлі аналар қатарына 203 «Батыр ана», 801 «Алтын алқа», 1987 «Күміс алқа» және 195 «Ана Даңқы» мәртебесі берілді. Олардың қатары мерекеде 3 «Алтын алқа», 5 «Күміс алқа» иесімен толықты.
Осы уақытқа дейін келіндер сайысы, әжелер байқауы, ауыл әйелдерімен басқосулар, түрлі тақырыпта дөңгелек үстел, облыстық және республикалық белсенді іскер әйелдермен жүздесулер, мұң-мұқтажы бар азаматтарды жеке қабылдауды жиі ұйымдастырып келеміз.
Ауданда нәзік жанды кәсіпкер әйелдер саны 803-ке артты. Көбі қайтарымсыз несие алып, шағын шаруасын ашқан.
Қоғам әлеуетінде әр ананың орны бөлек. Кез-келгенін өз көкжиегінен көргіміз келеді.

Әзия ҚЫСТАУБАЕВА
Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы

06 наурыз 2021 ж. 494 0