№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАС ҰРПАҚҚА ЖОЛ СІЛТЕР ҰТЫМДЫ ОЙЛАР АЙТЫЛДЫ

ЖАС ҰРПАҚҚА ЖОЛ СІЛТЕР ҰТЫМДЫ ОЙЛАР АЙТЫЛДЫ

Жаңақорған аудандық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Қыз ұлттың ұяты – халықтың шырайы» атты кездесу өтті.

Оған аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев, Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Манат Алмашева, қалалық мәслихат депутатыАйгүл Мұсабаева, шешен этномәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары Лайла Пашаева, көп балалы «Батыр ана»Қуанышкүл Ахметқызы, аудандық және ауылдық Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей - еліміз түзелмейді» дегені қыз тәрбиесінің маңыздылығын әрдайым еске салып, ұлт тәрбиесінде иманды да ұлағатты, ізетті де инабатты қыз тәрбиелеудің аса маңызды екенін еске салып тұрғандай. Сондықтан, ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тік көтеріп жүру үшін қыз баланың тәрбиесіне аса мән берген жөн»,- деді аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев.Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова алдыңғы аптада бастау алған жаңа жобаның маңыздылығына тоқталып өтті. «Аталмыш жоба облыстың бірнеше аудандарында жалғасын тапты.
Жылы жүздесу, сырласу форматында өткізілген отырыстар қоғамдағы, отбасындағы ананың орны, ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығы төңірегінде өрбуде. Осы тақырыптағы шаралар барлық аудандардағы Аналар кеңестерінің ұйымдастыруымен өткізілетін болады.Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің нәзік келбеті» атты фотожоба өтеді. Оның мақсаты әр салада ел игілігі үшін қажырлы еңбек жасаған, белсенді, беделді Сыр елінің 30 әйелінің фотосуреттерін түсіріп, көрме жасақтау. Жоба қорытындысы ретінде «Тәуелсіздіктің нәзік келбеті» атты көшбасшы-әйелдердің форумы ұйымдастырылады», -деді.Мұнан соң Жаңақорған ауданының тәжірибелі, көшбасы әйелдері аудандық мәдениет үйінің директоры Зульфия Шалабаева, кент әкімдігінің бөлім басшысы Алма Мамирова, мәдениет үйінің хореографы Толқынай Абдуллаева орамды ойларын ортаға салды.Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Манат Алмашева, қалалық мәслихат депутаты Айгуль Мусабаева, шешен этномәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары Лайла Пашаева жас ұрпаққа жол сілтер ұтымды ойларын айтты.#Аналар_кеңесі
16 маусым 2021 ж. 912 0