№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Арнайы балабақша» бүлдіршіндері Наурыз тойын өткізді

«Арнайы балабақша» бүлдіршіндері Наурыз тойын өткізді


«Арнайы балабақша» бүлдіршіндері ең алғашқы Наурыз тойын өткізді. «Мейірім», «Үміт», «Жұлдыз» тобының балғындары өнерін көрсетіп, қызықты думанның сәнін келтірді. «Ырысты берекелі- Жыл басы» шарада балаларға елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру мақсат етілді. Шарада бесікке салу дәстүрі мен ұлттық ойындар қамтылды. Балабақша ауласында киіз үй тігіліп, ұлттық бұйымдар қойылды. Қазақтың қарашаңырағы салт –дәстүрге байланысты жабдықталды. Шараға келген әрбір қонақ та, бүлдіршіндер де ұлттық киімдерімен шараның маңызын арттырды. Алғашқы мерекені ерекше өткізіп, үміт сәулесін ұялатқан балабақша меңгерушісі Жамал Нәлібаеваға ата-ана Ұлтуар Алдабергенова мен Қатира Қауғанбаева ризашылық білдірді.

Жақсыгүл Сапарова.
11 сәуір 2018 ж. 1 372 0