Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Тәлімі мол ұстаз


Қандөз ауылдық клуб үйінде ардагер ұстаз-анамен кездесу кеші өтті. Кеш қонағы – бірнеше жылдар бойы білім саласында тер төккен ұстаз Бекмұхамедова Қарлығаш Сабырқызының есімі елді мекендегі әрбір отбасына ерекше жақын.


Жүрек қалауымен ұстаздық жолды таңдаған ол шәкірттерге география пәнінен дәріс берді. Тәрбие ісінің меңгерушісі, одан соң мектеп директоры болып, білім мекемесіне басшылық жаса­ды. Кешті мектеп директоры Тал­ғат Барлыбайұлы ашып, ардагер ұстазымызға ізгі тілегін арнады.
Ауыл халқына өзінің жүрек­жарды лебізін жеткізген Қарлы­ғаш Сабырқызы ұстаздық жолдың қиындығы мен қызығын бүкпе­сіз баяндап берді. Төрт баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген ұстаз – ананың ұстаздық жолын қуған перзенттері де бар екен. Олардан тараған ұрпақтары да түрлі салада нәтижелі еңбек етіп жүргендігін мақтанышпен баяндады.
Қарлығаш апайдың шәкірттері өте көп. Олардың арасында лауазымды тұлғалар да аз емес. Солардың бірі Қандөз ауылы­ның түлегі, ақын ағамыз Асқар Дүйсенбі шәкірттік жылы сезін бейнежолдау арқылы ақтарып, ұстазға деген құрметін әдемі өлең жолдарымен өрнектеді.
Қарлығаш апайларын ұмытпай, қадір-қасиетін есте сақтап жүр­ген ауыл мектебіндегі өрендер осы кеште өздерінің алғаусыз тілектерін жыр шумақтарымен жеткізуге тырысты. Әдемі әндер шырқалды.
Жиын соңында мектебіміздің директоры Талғат Байтілесов пен кәсіподақ комитетінің төрайымы Сауле Камалова зейнеткер ұстазға деген оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың арнайы «Алғыс хатын» тапсырды.
Бүкіл ғұмырын ұстаздық жол­ға арнаған ардақты тұлғаның оқу ордасына сіңірген еңбегінің зор екендігін аға ұрпақтың естелігі­нен білеміз. Со­ның бір дәлелін осы кеште тағы байқадық. Ұс­таздың тәлім-тәрбиесін алған ізбасарларының ардагер ұстазға деген құрметі жас жеткіншек­терге деген өнеге болды. Мектебіміздің игі жақсылары да ортаға шығып, ұлы жолда бірге өткізген күндерден әртүр­лі естеліктерімен бөлісіп, тәлімі мол ұстазға шынайы жүректен шыққан алғыс-тілектерін арнады.
Осындай еліне адал қызмет еткен тұлғаның мерекелік ке­шінде жүргізушілік тізгініне ие болғанымды жақсылыққа ба­лап, 80-нің сеңгіріне жақында­ған өнегелі өмір иесінің жеміс­ті еңбегін өзіме үлгі еттім. Осы бір қызығы мен қиындығы қа­тар жүретін мамандықты таңдау­да қателеспегендігіме қуандым. Ал­дыңғы буыннан тәлім ала оты­рып, кейінгі жас ұрпаққа өне­ге қалдыруды өзіме мақсат етіп, менің де ұшқыннан алау маздатып, жалындап жанғым келеді.

Назгул Нурекеева,
Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі

24 ақпан 2024 ж. 427 0