№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ұстаз ұлағаты мәңгілік

Ұстаз ұлағаты мәңгілік


Сүттіқұдық ауылдық округінің тұрғыны Бекахмет Божановтан тәлім алған шәкірттері елдің түкпір-түпкірінде абыройлы қызмет атқарып жүр. Біз ел ағасын «Армысыз, ардагер ұстаз!» айдарына кейіпкер еттік.


№52 Б.Аралбаев атындағы мектепте 40 жылға жуық ұстаздық етіп, өнегелі өмірінің басым бөлігін ағарту саласына жұмсаған ардагерді әңгімеге тарттық:
– Абай айтқандай, «толық адам» болып қалыптасу әрбір адамның міндеті. Осы жолда адамға тура бағыт-бағдар беретін ұстаздың жауапкершілі қандай ауыр десеңші! – деп бастады сөзін ардагер ұстаз сөзін.
Оқушыларының жеткен жетістігі мен бағындырған белесін қазынасына балап, олардың өмірден өз орнын тапқанына жас баладай қуанатын ардагердің білім саласында жеткен жетістіктері бір төбе. Ұстаздың қырық жылға жуық ағарту саласында атқарған тынымсыз еңбегі мен үздіксіз ізденісі ескеріліп, облыстық білім басқармасының, облыстық кәсіподақ комитетінің, аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен», аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
– Менің зейнетке шыққаныма да он екі жылдай уақыт болды. Қазір ұстаздардың мәртебесі көтеріліп, мұғалім боламын дейтін жастардың қатары көбейді. Мен осыған қатты қуанамын. «Жас келсе – іске» деген бар емес пе. Жастар білім саласының тізгінін ұстаса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Өйткені олар тың идеяларды тудыратыны анық, – дейді Бекахмет ағай.
Жүрегі ұрпақ деп соққан ұлағатты ұстаз Тараз педагогикалық институтында «физика және математика» пәнінің мұғалімдігін бітіреді. Еңбек жолын Тараз қаласындағы №322 Ғани Мұратбаев атындағы теміржол мектебінде бастайды. Осы мектепте бір жылдай қызмет жасап, кіндік қаны тамған өлкеге келеді. Сөйтіп, №52 мектепке жұмысқа орналасады. Осы білім ордасында физика пәнінен дәріс беріп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етіп, зейнетке шығады. Айта кетейік, Бекахмет ағайдың жары Бибімәрия Бегманова да зейнеттегі ұстаз. Ол да қырық жылдан аса осы мектепте ағылшын тілінен сабақ беріп, қазір зейнет демалысына шыққан.
– Қазір дамыған озық елдердің қатарынан көрінуде білім саласын дамытуға мән беріп, мектептер жаңартылып, білім беру бағдарламы жаңғырды. Тіпті шалғай ауылдар интернетке қосылып, метариалдық-техникалық базасы уақыт талабына сай қайта құрылуда. Роботтехника сыныптары ашылуда. Бұл үлкен жетістік, – дейді Бибімәрия апай.
Қарт ұстаз шәкіртке эстетикалық тәрбие беруде үйірмелердің көп болуы орынды екенін айтып, ендігі уақытта осыған мән берілсе дейді.
Қос ұстаздан құралған шаңырақта жеті ұл-қыз дүниеге келіп, олардан 22 немере сүйген ұстаздар бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған зейнеткер.

P.S.: Мектептің жүрегі – ұстаз. Тәуелсіз мемлкетіміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, туған жерді сүйетін, парасатты азаматтарды қалыптастыруда мұғалімнің еңбегі ерен екенін кім де болса мойындары хақ. Осы орайда, Бекахмет Божановтың ұстаздық жолда жасаған ұлағатты еңбегі көпке үлі боларлықтай.

Айсұлу АЛДАНАЗАР

29 желтоқсан 2021 ж. 753 0