Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Отанды сүю – жүректен

Отанды сүю – жүректен

Мектеп – әрбір адамның үлкен өмірге жол ашатын білім мекені. Қаншама жан қасиетті мекеннің табалдырығын аттап, алтын ұяда білім нәрімен сусындайды. Ұлағатты ұстаздардан ұқыптылықты, ұстамдылықты, ұйымдастырушылықты, жалпы, адам болуды ұғынып, тәрбиенің төркінін түсінеді. Біз мұны С. Сапарбеков атындағы №125 мектепте өткен тағылымды шарада ұғына түстік.
«Есейіп кетсемде мен саған сәбимін» дегендей, 30 жылдық мектеп түлегі, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Тасжанов Ғалымжан Алтынбекұлымен кездесу кеші оқушы жастардың жүрегіне отансүйгіштік қасиетті сіңіруіне, рухтануына жол ашқандай. Мектеп мақтанышына айналған перзентті құшақ жая қарсы алған мектеп ұжымы алдымен тыныс-тіршіліктерімен таныстырды. Ауданда бірінші болып ашылған кәсіби бағдарлау сыныбының жұмысын, әр оқушыға болашақ мамандығын таңдау жолында еркіндік пен ізденістің молдығын байқатты. Сондай-ақ Ғалымжан Тасжановтың өмір жолы нан сыр шертер тақтайшаның мән-мағынасына тоқталды. Әскери салада өзінің табандылығы мен қайсарлығын танытып, елге қызмет етіп жүрген ағамыз кездесу кешінде ағынан жарылды.
– Біз аядай ғана мектепте білім алып, үлкен мақсатпен өмір жолын бастадық. Қазіргідей технология дамымаған шақта әскерде шыңдалып, тәртіпке бағындық. Әр облыста тәжірибе жинақтап, толысқан шағымызда өңірге еңбек ету бұйырды. Біз осы ауданнан он бала болып әскери білім алу үшін құрлық әсери институтына аттандық. Әскери адамның өмірі үнемі ізденістен тұрады. Меніңше, әскери азаматтың ең бірінші қаруы – білім. Сондықтан болар, біз әлі күнге дейін өзімізді машықтандыру үшін оқу-жаттығу сабақтарын үзген емеспіз, – деп бастады әңгімесін ол.
«Әскери өмір – кәдімгідей нағыз өмір. Мысалы, мен өзім адамның бүкіл өмірі мен бір жылдық әскер ді салыстырып, талдау жасадым. Мысалы, алғаш келіп, «оқу курсына» түсесің, 1 ай сені мәпелеп-өсіреді, Одан кейін ант қабылдайсың, басқа ротаға түсесің, ұрыс қызметтеріне дайындық болады. Бұны баланың университетке түсіп, үлкен өмірге аяқ басуы деп қабылдауға болады. Біздің аға сарбаздар үшін бұл бір балалы болған сияқты. Ал сен әлі сарыуыз балапандай бәрі таңсық, үлкендерді тыңдап жүресің. Ал кейін сол «әкеңдей» болған аға сарбаздар кете бастағанда, жақын адамыңды жоғалтқандай қимай қаласың. Аға сарбаздар қаншалықты саған қатаң қараса да оларға бауыр басып, кетер кезінде қатты қиналасың. аяқ басасың, бәрі бірдей, не іс Кеткен соң, үлкен өмірге кәдімгідей теп үлгересің – сонымен үйіңе кетесің. Бұл кезде тағы «молодойлар», яғни жас сарбаздар келеді, оларды үйретесің, бұйрық беріп, жүгіртіп дегендей...»
Кеш қонағы оқушылардың сұрағына жауап берді. Сұрақтар легінде «әскерде әлімжеттік неге тыйылмай тұр?» деген сұрақ қойылды. Осы тақырыпқа пол ковник байыппен жауап қатты. – Әскер тәртіпті талап етеді. Менің көзім көрген аумақтарда әлімжеттік болған емес. Меніңше, кез-келген ортаның өз ереже тәртібі болады. Соған сіңісіп, тіл табысып кету маңызды. Десе де, тәртіп шекарасынан шыққандар болса үнсіз қалмау қажет. Бүгінде әскерилердің, жалпы әр азаматтың патриоттық қасиеті сыналатын шақта тұрмыз. Сондықтан Президентіміздің Жарлығының мән-маңызын елдің әрбір тұрғыны байыппен салмақтап қарап, терең түйсінуі тиіс. Қазір сіз бен біздің елге қызмет қылып, үлес алатын кезіміз. Мұндай қиын шақта қарлығаш көмегімізді көрсете емес пе?! – деді ол.
алмасақ, азаматтығымызға сын Кездесуде еркін көсілген қона ғымыз балалық шағы жайында жиі еске алатынын сөз етті. «Космонавт» болсам деген арманы болғанын да жасырмады. Еркіндік пен егемендіктің қадір-қасиетін, отансүйгіштік қасиеттің әр адамға қажеттілігін жүрекпен сезіндік. 
Мақпал МАРҚАБАЙ
28 қаңтар 2024 ж. 450 0