Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алғашқы мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағы өтті

Алғашқы мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағы өтті

Алғашқы мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағы өтті
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамымен жаңа оқу жылы қарсаңындағы алғашқы мемлекеттік - құқықтық дайындық сабағы өтті.Дәстүр бойынша әскери қызметшілер үшін жаңа оқу жылы мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағынан басталады. Аталған сабақты бөлім командирлері мен мекеме басшылары өткізеді. «Ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жоғары жауынгерлік әзірлікті ұстау туралы, 2023 оқу жылына жауынгерлік әзірлікті арттыру жөніндегі міндеттері» тақырыбындағы алғашқы сабақты Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Ғалымжан Тасжанов өзі жүргізіп, 2022 оқу жылын қорытындылап, жеке құрамға алдағы 2023 жаңа оқу жылына бірқатар міндеттер қойды.
- «Қуатты армия – Жаңа Қазақстан!» ұранымен өтетін алдағы жаңа оқу жылына жоспарланған міндеттеріміз көп. Осы жылғы шақыру науқанын ескере отырып, алдағы оқу жылында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жоғары дәрежеде ұйымдастыруымыз керек. Әскери қызметшілердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қолдау мен моральдық-психологиялық жай-күйін нығайту басты назарда болады, - деді полковник Ғалымжан Тасжанов.
Жергілікті әскери басқару органдары азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруда жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен өзара іс-қимылды бірлесе ұйымдастырып келеді.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
02 желтоқсан 2022 ж. 302 0