Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қарты бар елдің қазынасы мол

Қарты бар елдің қазынасы мол


Қыраш ауылының тарихына үңілейікші. Қыраштың әу бастағы аты Қызылмақташы еді. Маңында Қайнарбұлақ деп аталатын алқап бар. 1927 жылы осы маңға қоныстанған шағын жұрт пен артельдердің бірігуімен Тоқтамыс колхозы құрылыпты. Қызылмақташы атануы кейіннен. Бір заманда мақта егуден бөлек, мал бағып, егін еккені жайлы айтылады. Қош, 2005 жылы Ақүйік ауылдық округінен бөлініп, өз алдына елді мекенге айналған Қыраштың тарихына біз қысқаша ғана шолу жасадық. Негізгі мақсатымыз – бүгінгі ауылдың даму қадамын сөз ету. Соны баяндалық, ендеше. Ауыл – ол алтын тамыр. Әрбір мен қазақпын деген азамат алтын тамырымыздан қол үзбеген абзал. Себебі ауыл тарихы ол ел тарихы. Асан Мақашев ақсақалмен де алғашқы сөзді ауыл тарихынан бас-тағанды жөн санадық.


– Қыраш ауылдық округі әдепкіде «Тоқтамыс» деген колхоз болған. Негізі, біздің мекен Қаратау сілемдерінен бастау алатын Қайнар-бұлақ алқабын бойлай қоныстанған шағын ауылдар мен шаруашылық артельдерінің негізінде 1927 жылы Тоқтамыс колхозы болып құрылған. Кейіннен «Қызылмақташы» аты берілген. Ол кезде оңтүстік облысқа қарағандықтан, негізі мақта егумен айналысқан. Ол уақыттары әр үйге шит таратып береді, соны бала шағамызбен шиттейтін едік. Колхоз негізінен ауыл шаруашылығымен, соның ішінде егіншілік пен мал шаруашылығымен айналысқан. 1957 жылы «Бірлік», Ынтымақ Қосүйеңкі, Талдысу, Қызылмақташы колхоздары ірілендіріліп жаңадан құрылған «Бірлік» совхозының №2 фермасы болып ұйымдастырылды. Құрылғаннан кейін мал шаруашылығы кең өркендеп, 1970-80 жылдары қой 25 мың, жылқы 250, түйе 200 басқа дейін жеткен. Қыраш ауылы Ақүйік ауылдық округінен 2005 жылы өз алдына ауылдық округі болып бөлініп шықты. Ауыл Қаратаудың етегіне орналасып, негізі мал шаруашылығына бейімделген. Біздің ауылдың күнкөріс көзі бұлақтың суы. Ауылдан 9 шақырып жерде, күндіз-күні гүрілдеп ағады да жатады, – деді қария.
Ол кезде колхоз болғаннан кейін ел түгел егіс егеді. Оған бұлақтың су жетпейді, сосын барып арнайы тоған жасаған. Оның іргеатсын қалау үшін ауылдың үлкен-кішісі, қыз-қырқыны, бала-шағасы керектінің бәрін қаппен тасыған. Осы тоғанның сумен егін егіп, әлі күнге дейін күнкөріп келе жатыр екен.
– Ауылымыздың іргетасын қалап, күні бүгінге дейін ауылдың өсіп-өркендеуі жолында қызмет еткен азаматтар аз емес. Қыраштың іргетасын қалағандар қатарында Ақылбек Есдәулетов Ұлы Отан соғысы жылдары ауылға басшылық жасаған, аймаққа беделді болған. Бұл кісі халықтың тұрмысы төмендеп, ішерге ас таппаған уақытта қарапайым халықты тығырықтан алып шыққанын үлкен кісілер айтып отыратын. Ол кісі күніге кешке ұйықтамай үй-үйді сыртынан бақылап, ішіп-жемі жоқ болса, түнделетіп бір уыс бидай беріп жібереді екен. Сондай-ақ, ауылдың іргесін қалауға атсалысқан ҚР-ның еңбегі сіңген қаржыгері Калхазбек Әжібеков, облыстық ішкі істер бөлімі бастығы қызметін атқарған Тастемір Рахимов, Республикаға белгілі жазушы Жолтай Алмешұлы, запастағы полковник, тарих ғылымының докторы, профессор, Ресей Федерациясы әскери ғылыми академиясының академигі Сатыбалды Ділманов, Қызылорда қалалық сотының судьясы Мұхтар Еркінбеков, Орал қалалық сотының судьясы Бақыт Ермаханов сынды азаматтардың кіндік қаны тамған мекен бұл, – деді ақсақал.
Қызылорда қаласында түрлі мекемелерде басшылық қызметтер атқарған Әбдразақ Әлібекұлы да осы өлкенің перзенті. 1980-1986 жылдары Қармақшы аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы, одан кейін облыстық жылжымайтын мүлікті басқару мекемесінің басшысы қызметін атқарған. Мәден Мырзахметов Ленин және Октябрь Революциясы ордендерінің иегері, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты болған. Осындай азаматтар шыққан киелі шаңырақтың келешегі кемел дейміз.
Әлбетте, әр ауылдың ақылы асқан, пәтуәлі сөз айтып, дүйім жұртты өзіне тарта білетін дана қарттары болатыны даусыз. Ел іргесінің шайқалмауына, жастардың үлкенді тыңдап, құрмет көрсетуіне, дұрыс жолды таңдауына, әдептілік пен көргенділік сияқты ізгі қасиеттерді өмірлік байламы етуіне данагөй қарттарымыздың ақыл-кеңестері үлкен септігін тигізері анық. Біз сұқбаттасып, әңгіме өрбітіп отырған Асан ақсақалдың да іскер, еңбекқор, ауылының нағыз жанашыр азаматы болғаны әрбір сөзінен аңғарылып тұр.
– Менің осы күні шүкір ететінім, ауылдың ауызбіршілігі жақсы. Қазірдің өзінде үйір-үйір жылқы мен отар-отар қойдың жайылып, маңғаздана жерден шөп жеп жатқанын көргенде көзің қуанады, – деп түйіндеді ақсақал.
Иә, бұл ауыл халқының ауызбіршілігі жарасқан, бірлігі бекемдігімен өзге ауылдарға үлгі. Ауыл жастары спорт саласы, білім сапасы жағынан да өзгелерден көш ілгері. Пайдалануға берілген спорт кешені мен шағын мейрамхана көптің кәдесіне жарап тұрғанын байқадық. Ауыл айбынының асқақ болуы – онда мекен ететін тұрғындардың осы ауылдан өсіп өнген перзенттердің туған түтініне деген сағынышы, ұлының ұлықты, қызының қылықты боп жақсы аттарының ел аузында аталуы. Ендеше, аузы дуалы ел ағасы Асан Мақашев ақсақалдың ақ батасы алдағы жақсы істерге ақжолтай болғай!

Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ
23 қыркүйек 2023 ж. 803 0