Қыраштың қарқыны
Қыраш ауылдық округі әкімі С.Биімбетов өз есебін өткен жылы жүргізілген тазалық жұмыстары мен 4 көшенің жарықтандырылғанынан бастады. 26 бағанаға жарықтандырылатын қондырғы орнатылған. Округте шағын және орта кәсіпкерлердің санын арттыруға бағытталған жобалар іске асырылуда. Шағын ауылдардағы мәселелер ретімен шешімін тауып жатыр.
Тұрғындардың басты тілегі жастардың орталығына айналған клуб үйі ғимаратының талапқа сай еместігі мен тозығы жеткен балабақшаның бүгінгі жай-күйі. Негізі еңбек көзі саналатын мал шаруашылығына қолдау болса.
Мәселелердің бірқатары шешімін тапқан да секілді 2020 жылы клуб үйі салынатын ауылдар тізіміне енген. Мемлекеттік-жекемекшік әріптестік негізінде клуб үйі салыну жоспарда бар екендігін аудан басшысы халықты хабардар етті.
ТҮЙІН. Қанша халық болса сонша пікір бар. Ауылдарда мәселе де жоқ емес. Тау беткейде интернет жылдамдығы нашар болса, келесі бір округте су мәселесі алдыдан шықты. Алдағы уақытта аталған кемшіліктердің жойылып, жаңа нысандар тұсауы кесілеріне сенейік.