№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Өмір туралы хикая


Ертеде бір адам жалғыз ұлына алты жасынан бастап ораза ұстатып, тоғыз жасынан Құранды үйретіп, намаз оқытыпты. Өзімен-өзі өскен бала үйленуді де ұмыт қалдырыпты. Өмірінің соңғы күніне дейін ешкімнің ала жібін аттамапты.

Ет пен сүйектен жаралған жұмыр басты пенде болған соң ажалдан қашып құтылсын ба, жарық дүниемен қоштасады. Оның рухы денесінен бөлініп шығып, тура пейіш қақпасына қарай бет алады. Алдынан пейіштің күзетшісі шығып:
  • Үш күнге дейін күте тұр, – дейді.
Үш күннен кейін: «Сіз пейішке қабылданбайсыз», – деген жауап алады.
  • Неге? Менің ешқандай да күнәм жоқ еді ғой! – деп шырылдайды рух.
  • Себебі, – деп күзетші періште түсіндіре бастайды, – сіз тек қана пейішке бару үшін ғана ораза тұтып, намаз, Құран оқығансыз. Жарық дүниеде бірде-бір пендеге жақсылық жасамағандықтан сізге сауап жоқ. Ал сауапсыз жанға бізде орын жоқ!
Амалы таусылған рух енді тозаққа барады. Бір қызығы – оның күзетшісі де үш күн күттіріп қояды. Үш күннен кейін: «Сізді тозаққа қабылдай алмаймыз!» – деген жауап алады.
  • Неге? – Рух таңданысын жасыра алмайды.
Себебі, сіздің ешқандай да күнәңіз жоқ. Бейкүнә пенденің рухы тозаққа жіберілмейді.
  • Құдай-ау, не жаздым саған?! Кәдімгідей өлтіріп едің. Енді не тозаққа, не пейішке кіргізбейсің. Шыныменен керексіз болғаным ба? – деп отыра қалып еңірей бастайды.
Оның зарын естіген Алла тағала өзінің қызметші періштесін жібереді. Сонда құдіреті күшті Жаратушы былай депті:
  • Бейкүнә пендеге тағы да қырық күн өмір берейік. Қазірден бастап жарық дүниеге шығарып жіберіңдер де, мынаны айта барыңдар: «Пәнидегі пенделер не істеп жүрсе, ол да соны істесін, өмірдегі өзгерістерден шет қалмасын!»
Періште Алла тағаланың айтқанын бұлжытпай орындайды. Қайта тірілген пенде жер бетіне шыға сала тезек теріп жүрген қызға көзі түседі. Екеуі үйленеді. Күндердің күнінде әйелінің бойына бала бітеді... Тіршіліктің аты тіршілік емес пе, қырық күн ішінде ол біреуді ренжітеді, біреулерге жақсылық жасайды. Ал оны екі иығындағы періштелер күнәсі мен сауабын тізіп отырады. Қырық күн өтіп, қырық бірінші таң атқанда Әзірейіл келіп жанын алады. Жаны жаһаннамға түсіп, күнә-сауабын ахиреттің таразысына тартқан кезде күнәсінен гөрі сауабы басымдау болып шығады. Сөйтіп, екі рет туып, екі рет өлген пенденің рухына пейіштің төрінен орын беріліпті.
10 мамыр 2018 ж. 1 801 0