№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КЕШІКПЕЙ КЕЛЕМ ДЕП ЕҢ...

КЕШІКПЕЙ КЕЛЕМ ДЕП ЕҢ...

.. «Жол жаққа қараймын, Сен жоқсың арайлым. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. Қайтемін кінәләп бұған сені, Сағатың алдаған шығар сені». Иә, бұл бәріңіз білетіндей Шәмші Қалдаяқовтың әні. Дұрысы ән жолдарынан үзінді. Қайырмасын қысқартып алдық. Тақырып ауанына тікелей қатысы болмаса да жанама жақындығы болғасын. Әңгіменің арқауына кешігу әдеті себеп. Тілші болғаннан кейін іс-шара мен жиналысқа жиі барамыз. Ақпараттандыру мақсатында. Алайда әлі күнге уақтылы басталған шараны көрмедік. Ең кемі бір не жарты сағат кешігіп басталады. Мәселен, сағат 17:00-де өтетін шараға 16:30-деп шақырады. Ұйымдастырушылардан себебін сұрасаң: «Нақты уақтысында ешкім келмейді. Сондықтанда жарты сағат бұрын шақыруға тура келеді» деген жауап естисің. Яғни, сенім мен жауапкершілік үйлеспегендіктен өзгенің уақтысын ұрлауға тура келеді. Тақырыпқа тұздық болсын, біз көбіне кешігу әдеті жайлы сөз қозғағанда немістерді міндетті түрде тілге тиек етеміз. Жақында ғаламтордан сол неміс халқының уақытпен қалай санасатындығы жайлы қызықты бейнеролик көрдім. Оқиға Берлин қаласында өрбиді. Ресей елінен келген ұлт аспаптар оркестрі Германияның конгресс холында концерт құрады. Зал лық толы. Әуезді ән мен музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен тамаша бағдарлама жүріп жатты. Кенет, ат шаптырым залдың ортасынан бір әйел шығып, тура сахнаға қарай беттеді. Орындалып жатқан әнге қарамастан сахнаға көтеріліп, микрофонды қолына ұстады. Неміс тілінде екі ауыз сөз айтып, көрермендерден тарқауын сұрады. Жиылған жұртшылық аң-таң. Бір-біріне қарап, шүйіркелесе қайтуға жинала бастады. Ролик соңында неге бұлай болғанын былай түсіндіреді. Бұл күні ресейлік өнерпаздар Конгресс холды 2 сағатқа жалға алған. Ал, концерттік бағдарлама өз уақтысынан жарты сағатқа кеш басталып, арада бір жарым сағат өткенде мәдениет сарайының маманы уақыттың біткенін елге хабарлаған. Осылайша, бағдарлама аяқсыз қалды. Бұл темірдей тәртіп бар деген сөз.
Иә, уақытпен санасу – жауапкершілік пен мәдениеттіліктің мәйегі. Жалпы, шақырылған жерге кешікпей бару кез келген азаматтың лауазымына қарамайтын ортақ қағида. Әттең, уақыттың қадірін түсінбей жүрміз ау шамасы. Бұл баға жетпес құндылықтың орнын еш нәрсе толтыра алмайды. Әлгінде айтқандай Батыс Еуропада кешігу деген үрдіс жоқ. Баға жетпес құндылықты өмірлеріне қағида етіп алған. Міне, мысал керек болса. Бірде батыс мемлекетіне барып, олардың әрбір минутпен санаса отырып, жұмыс істейтініне таңырқаған азиялық мұсылман жігітке батыстық тілші былай депті: «Оның несіне таңырқайсың. Мұның бәрін біз сендерден, яғни мұсылмандардан үйрендік. Сендер минутына дейін санап бес уақыт намаз оқисыңдар, ауыз бекітіп, ауызашар кезінде бір минут уақыт кірмесе, соны күтесіңдер» деген екен. Иә, түсінгенге таудай тәмсіл жатыр.
Ал, тойлардың жырын айтпай-ақ қояйын. Шақыру билетіндегі тойдың басталу уақыты ол – асықпай көйлегіңді үтіктеп, темекіңді түтетіп, көршінің үйінен шаш кептіретін құрылғы сұрататын сәттің басталғанын білдіреді. Жәә..осы жерден түйіндейін. Жайбарақаттық әдеттен арылатын кез келді ағайын. Бәсекеге қабілетті болу үшін бізге уақытпен санасуға тура келеді.
03 сәуір 2018 ж. 2 203 0