№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «БОЗДАҚТАР» ҚОЛЖАЗБАСЫ – ҚҰНДЫ МҰРА

«БОЗДАҚТАР» ҚОЛЖАЗБАСЫ – ҚҰНДЫ МҰРА

«Боздақтар» кітабы. Бұл – тірілердің қаһарман бабалардың ерлігіне қойған үлкен ескерткіші. Яғни, кешегі тағдырлас, мұраттас болған майдангерлер рухына құрмет. Боздақтардың ерлік істері өскелең ұрпаққа қашанда үлгі өнеге. Ұлағатты тәрбие мектебі. Ендеше, бүгінгі ұрпақ қана емес, болашақ буынға естелік кітапты жинақтаған автор бірі – жаңақорғандық Орынбай Ахметов жайлы жазуды жөн көрдік.
Жалпы, Қызылорда облысы бойынша 7 ауданнан хат-хабарсыз кеткен һәм қаза болған боздақтардың есімін ұлықтау мақсатында 5 томдық «Боздақтар» кітабына жинақталғаны мәлім. Тарихи деректерге сүйенсек, Ұлы Отан соғысына Сыр даласынан 150 мыңдай азамат аттанса, соның 30 мыңнан астамы елге оралмады. Оның ішінде, жазиралы Жаңақорған жерінен аттанған 4947 адамның 2000 астам майдангердің мүрдесі соғыс даласында қалды. Осы тұста, боздақтар есімін ел есінде мәңгілік қалдырмақ мақсатта облыстық «Боздақтар» кітабы редакциясының жұмысшы тобы әр ауданнан бір-бір адам тағайындады. Осылайша 1992 жылдың 17-қыркүйегінде Жаңақорған ауданынан редакция алқасы құрылып, алқа төрағалығына сол тұстағы аудан әкімінің бірінші орынбасары Зинабдин Шермағамбетов, ал, редакторлығына Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Орынбай Ахметов тағайындалды. Міне, осы сәттен бастап тыным таппаған Орынбай ақсақал соғыс құрбандары жайлы дерек пен дәйектерді іздестіруді бастап кетті.
Аты-жөнінен бастап, әскерге қай жылы алынғандығы, қандай әскери комиссиарат арқылы аттанғаны, қандай әскери бөлімдерде соғысқа қатысқандығы жөніндегі мәліметтерді табу – инемен құдық қазғандай еселі еңбек екені айтпасада түсінікті. Аудандық, облыстық әскери комиссиарат пен мұрағаттың табалдырығын тоздырып, сарғайған парақтар мен жұлым-жұлым болған қағаздарға көз майын тауысу Орынбай қарияға оңай соқпады. Десе де, денесі түзде жатқан боздақтардың дерегін жинап, олардың ата-ана, қауым-жұрағатын қуантуды өзіне борыш санады. Ертелі-кеш еңбектеніп, құрбан болған азамат жайлы бір деректің ұшы шықса, дала кезіп қойшы ауылға да не еліміздің түпкір-түпкіріндегі ұрпақтарына барды. Әрине әрбір шаңыраққа барғанда өзімен майдандас болған замандастарының «Қара қағазын» көру дербес зейнеткерге жеңілге соқпады. «Іздеген жетер мұратқа» демекші, 2 жыл 7 ай уақытын соғыс құрбандары мен хабарсыз кеткендерді іздестіруге арнаған Орынбай Ахметовтің қолжазбасына енген 1737 боздақтың және Ұлы Жеңістің 50 жылдығы құрметіне ашылған «Ескерткішке» қосымша енген 233 боздақтың, барлығы 1970 соғыс құрбанының дерегін зерттеу үлкен ерлікпен пара-пар.
Әрине, тарих ешқашан қартаймайды. Әуелгіде еселі еңбек еленбей қалып, «Боздақтар» кітабының аудандық редакторы ретінде Орынбай Ахметовтың аты аталмай қалды. Яғни, 3 жыл бойы төккен тер ескерусіз қалды. Алайда «уақыт – емші». Аз уақытта «Боздақтар» кітабының аудандық редакторы ретіндегі авторлық құқығы қайтарылып, тарихи туынды толықтырылды. Өскелең жас буынға үлгі ету мақсатында және «Жаңақорған тынысы» газетінің 85 жылдығы аясында бір кездері аудандық «Екпінді» газетінің жауапты хатшысы қызметін атқарған Орынбай қарияның еңбек жолын аз-кем айта кетсек. Ол 1944 жылы әскерге алынып, майдан даласында Отан үшін от кешкен. 1947-1949 жылы Ресейдің Иванова қаласындағы соғыс-саяси училищесін тәмамдап, елге лейтенант шенінде оралған. Алғашқы еңбек жолын аудандық дайындау бөлімінде есепшіге жәрдемші болып қызмет етуден бастаған. Кейіннен, аудандық «Екпінді» газетінің жауапты хатшысы, совхоз партия ұйымының хатшысы, ауылдық Совет атқару комитетінің төрағасы, білім ордасында пән мұғалімі, кешкі мектеп директоры қызметін абыройлы атқарған. Бүгінде марқұм майдангер Орынбай қариядан өрбіген 8 ұл-қыз мәуелі ағаштай жапырағын жайған үлкен әулетке айналған. Бізде Ұлы Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында қарашаңыраққа табан тіреп, кенже ұлы Базарбай Ахметовтен әке жайлы бірауыз естелігін тыңдадық.
– Әкеміз соғыстан кейінгі саналы ғұмырын елдің еңсесін тіктеуге арнады. Әсіресе, ауыл-аймақтың өркендеуі мен білім саласының дамуына өзіндік үлесін қосты. Зейнеткерлікке жасқа жеткеннен кейін, майдан даласында қалған боздақтар есімін қайта жаңғыртып, түгендеу жұмысын қолға алды. 436 беттік екі томға жинақталған қолжазбасы – соғыс құрбандарының рухына деген ізеті еді. Міне, әкеміз тек соғысқа қатысып қана қоймай, майдандас жауынгерлердің Отан үшін ерлігін өзінің еңбегінде атап көрсетті. Бұлда болса, елге, жерге деген құрметтің айрықша нышаны, – дейді Базарбайұлы Орынбайұлы.
Ия, осындай батыр аталарымыздың өмір жолы өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, Отанды сүюге тәрбиелеуге өнеге болары сөзсіз. Расында Отан үшін от кешкен оғландарды ардақтау һәм олардың ерліктерін ұлықтау бүгінгі ұрпаққа борыш.  Қан майданға қатысқан майдангерлер  Ұлы Жеңіске тиісті үлесін қосты. Отан қорғауды парызым деп білді. Міне, сондай Жеңісті жақындатқан жауынгер жанның бірі һәм «Боздақтар» кітабының аудандық редакторы болған Орынбай Ахметовтың ғибратты ғұмыры кейінгі ұрпаққа өнеге.
Әбдісамат ӘБДІШ.
06 мамыр 2018 ж. 1 745 1

Гость Jeahulalf от 1 наурыз 2019 01:00
Cialis Ou Acheter Clomid Masculine Buy Methotrexate 2 5 Mg No Rx Overnight cheapest propecia Viagra Jelly For Sale Uk 123 Buy Azithromycin Or Ceftriaxone Now Propecia Serenoa Repens