Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Ескерткіштер-ел айнасы

Ескерткіштер-ел айнасы


Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай көпшіліктің назарын тарих ескерткіштерін сақтау мен қорғау мəселелеріне аударып,құрметтеуге шақыру мақсатында ауыл орталығындағы Ұлы Отан соғысының ардагері,екінші,үшінші дəрежелі Даңқ орденінің иегері Ыдырысов Əбілпатталдың есімі берілген Жеңіс саябағында "Тарихы терең, тағзымы биік-Ескерткіш"- атты тақырыпта өлкетану сағаты өткізілді.

Неміс басқыншыларымен болған алапат соғыстан оралмаған боздақтарға арналған ескерткіштің тарихы жайлы мағлұмат берілді. Ұлы Отан соғысы жылдары қан майданға аттанған жауынгерлердің тізімі жазылған тақта да тарих беттерінен сыр шерткендей. Шара барысында "Есімізде отты жылдар белестері"-атты "Боздақтар"-кітабына шолу жасалып,"Ескерткіштер-ел айнасы"-атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
20 сәуір 2018 ж. 2 371 0