№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » САНАҒА ӨЗГЕРІС ҚАЖЕТ

САНАҒА ӨЗГЕРІС ҚАЖЕТ


Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауының тақырыбы, мәні мен мазмұнының өзі сәт сайын жаңара түскен қоғам тынысын айқындайды. Адамзат дамуының басты шарты да осы: үздіксіз өсу, өрлеу, өркендеу.
Есімізге түсіріп көрелік Президентіміз Н.Назарбаев 2012 жылдың қаңтарында халыққа арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің жас мемлекетіміз есейіп, етек-жеңін жиды, біздің балаларымыз бен немерелеріміз осы мемлекетпен бірге еседі, ер жетеді. Олар білімі озық, денсаулығы түзік, өз буынының жауапкершілігі мол, қайратты өкілдері болып өседі. Олар ата - бабалардың салт-дәстүрін көздің қарашығындай сақтай отырып, қазіргі заманға нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге бейім, әрі дайын болады. Олар қазақ тілін де, орыс тілін де, ағылшын тілін де еркін меңгереді. Олар дүние жүзіне танымал, бейбітсүйгіш, гүлденген қарышты дамыған елдің патриоттары болады» делінген.
Осы бағытта ұрпақты тәрбиелеудің тағылымды, пайдалы тұстарын назардан тыс қалдырмай, қайта өрлетуге, сөйтіп ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық үрдістерімізді жаңаша мазмұнда жетілдіре түсіп, жас ұлан бойына сіңіріп отырсақ жарасымды болуының үстіне тарих алдындағы қасиетті парызымызды орындау болар еді.
Адам баласы сан түрлі ғылыми жетістіктерге жетуі арқасында технологиялық өркениетке қол жеткізуде.
Техникалық процесс арқылы саяси-әлеуметтік құндылықтарға қол жеткізеріміз белгілі. Алайда дамудың барысында ұлттық ерекшеліктеріміздің талай қиындықтарға кездесіп жататынын көзіміз көріп отыр. Міне, осындай жағдайда ұлттың озық дәстүрін, қасиетін сақтауға тиіспіз.
Біз білім мен ақыл-ой жемісі нәтижесінде өркениет жетістіктеріне қол жеткізіп отырмыз. Бірақ, әлемнің өркениет жетістіктерін пайдалана отырып, өз дәстүрімізді санадан тыс қалдыра алмаймыз. Осы бағытта тәрбие тетіктерінің барлығы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында айшықталып көрсетілді. Қазақ ұлтының өз тегін танып, тұғырын табу, сөйтіп қымбат құндылықтарымен қайта қауышу мәселесі айналып келгенде санаға келіп тірелетініне көз жетіп отыр.
Әрбір саналы адам үшін бұл дүниені тану, оның мәнін түсіну, ұғыну мақсат. Өмірдің мәнін түсініп, әлемді таныған адам бағыт сілтер Темірқазығын тапқан адам болары анық. Адам өзін өзі түсінсе бүкіл ғаламды түсінеді деген ғұламалар тұжырымы да бар. ХІХ ғасырдың аяғында Фридрих Ницше «Құдай өлді» деп жар салды. Ал Федор Достоевский «Егер Құдай өлсе адам білгенін істей беретін болады» деді. Бүгіндері ол шындыққа айналды. ХІХ ғасырдың аяғында тарих сахнасына индустриялдық-капиталистік қоғам шықты. Бұл қоғамның құдайы ақша болды. Бәрін ақша билеген заман ізгілік қағидаларын бірсін-бірсін ығыстырды. Бұдан құтылу үшін елді билеушілер халықтың жүрегіндегі Құдайға деген сенімді жоғалтудың амалын іздей бастады. Құдайдан құтылған адам шексіз еркіндікке қол жеткізеді, оның аяғы жүгенсіздікке ұласады, құдайсыздыққа ұрынған қоғамда қаптап кеткен адам құқын аяққа таптаудың көрінісінен осыны аңғаруға болады.
Бүгінде өз егемендігін алып, тәуелсіздік туы астында тұғырлы саясат ұстанып отырған үкіметіміз әуелі ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, саналы ұрпақтың өсіп-жетілуіне қажетті алғышарттарды бекемдеуге бел буа кірісіп кетті.
Адам өз тағдырын өзі қалыптастырушы тұлғаға жатады. Адам мүмкіндігінше жақсы ойлар ойлауы керек, жақсы ой көңіл - күйдің көтеріңкі болуына, өмір сүруге деген құлшыныстың оянуына көмектеседі. Ой жақсарғанда адам жүрегінде махаббат пен тыныштық орнайды. Өйткені махаббатпен іске асатын қандай әрекеттің болмасын алмайтын қамалы жоқ, сол ғана адам жанын жадыратады, Тәңірімен байланыстырады. Бұдан шығатын қорытынды: «Адамдар өзгерсін десек өзгерісті өзіңнен баста» деген даналықты басшылыққа алуымыз керек. Тек физикалық әлемнің күйін күйіттеген адам баласы жер атты ортақ қазынамызды ластауы мүмкін. Сондықтан біз әуелі сана экологиясын тазартуымыз керек. Сана тазармай бізді қоршаған әлем тазармайды.
Ұзақ жылдар білім ошағын басқарған өңірімізге белгілі ұстаз Базарбай Жаманқұлов ағамыз өмірінің соңына дейін жантану ғылымын терең зерделеген кісі. Ол адамның сана-сезімі, биік рухы турасында былай деп толғанған еді: Физикалық әлем асқақ сезімнің, қиялдың әлемі.Өйткені, біздің физикалық денеміз адам санасы мен тіршілік санасының біріккен көрінісі. Шын әлем біздің психикалық әлеміміз. Жер бетіне ядролық соғыс, экологиялық апаттар ғана емес адамның жарымжан санасы да қауіпті, өйткені негізінен материалистік санамен өмір сүретін адамзат рухани құндылықтарды мойындамайды. Үшінші мыңжылдықта ғылым, адамгершілік, имандылық құндылықтары ғылымиланған жағдайда ғана адамзат өз мәнін түсініп, өзін-өзі тануға қабілетті болмақ. Ми қызметі адам үшін маңызды. Физикалық әлемдегі өмір қамымыз үшін сол жақ бөлігімен (логика) ойланамыз. Мидың оң жақ бөлігі арқылы рухани кеңістікке жол тапқан адамдар да жоқ емес, бірақ өте сирек. Саланың ғалымдары тек логикамен өмір сүру әлсіздік дейді. Адамдардың үнемі бір нәрседен қорқып жүруі, бір-біріне сенбеуі, жалғыздықта күйзелуі жетілудің, толыққанды адамдықтың көрінісі емес. Физикалық әлемге бой ұрған әлсіздіктің белгісі. Адам оң жақ ми бөлігін іске қосқанда ғана толыққанды адам дәрежесіне көтеріледі. Осы жерде біздің ата-бабаларымыздың оң мен сол туралы айтқандары ойға оралады. Олар: «Оң қабағым тартты», «өзі бір оңды жан екен», «оң мен солын танитын жасқа жетіп қалды», «айынан оңынан туыпты», «сол жағыңмен тұрғандай ашулысың ғой», тағы басқа осылай айта беруге болады. Жазуды да оң қолымызбен жазып, асты оң қолымызбен алатынымыз, босағаны оң аяғымызбен аттап кіретініміз дала философиясының озықтығынан хабар береді. Осы дәуірде АҚШ ғалымы Барбара Энни Бреннон адам тәнінің классификациясын жасап, оны ғылыми тұрғыдан тұжырымдады. Адам денесі астральдық, ментальдық, каузальдық, интуитивтік, аспани денелерден тұрады. Оның алғашқы үшеуі адам өлгеннен соң, алғашқысы жеті күннен соң, екіншісі қырық күннен соң, үшіншісі жүз күннен соң өмірін тоқтататынын, ал қалған төртіншісі «жанның денелері» болғандықтан олар өлмейді деген қорытынды жасайды. Бұл жайлы дін иелері де қоштайды, қаза болған кісінің жетісі мен қырқында дұға бағыштап, садақа астарын беруді қалыптастырған. Біз күнделікті өмірде интуицияны білдіретін түйсікті қолданамыз. Оның қазақша баламасы – түкпіргі сана. Адамзаттың қалыпты санасы сол санадан өрбитін сөз құдыреті арқылы белгілі бір материяға бағытталса, онда оның физикалық құрамын өзгерте алады. Бұған бата беру, тасаттық беру, тағы сол сияқты әрекеттерді атауға болады, – деген болатын.
Ия, адам санасының оның рухани әлемдегі мүмкіндіктері мол, соны пайдалану арқылы ғана адам өзінің жер бетіндегі парызын толық орындап өмірді тануға, әлемді түсінуге талпынады.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
16 қаңтар 2018 ж. 1 300 0