№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Адал еңбек иесі


ХХ ғасырдың 80 жылдарынан Ғабекеңді – Ғабит Мейірбекұлын танимын. Өз ісіне тиянақты, тыңдырымды, талапшыл азамат ретінде танылып, өз ортасында сыйлы болмысымен ерекшеленді. Сегіз жылдан бері әріптестік байланысымыз арта түсті. Әрине, жұртқа жұғымды, елге сыйлы азаматтар арамызда жүр, ал, Ғабекеңнің орны мүлде бөлек.


2013 жылы «Түгіскен ТШ» ЖШС тізгінің ұстасам, Ғабекең орынбасарым ретінде серіктестік жұмысына серпін берді. Ол күріштің өнімді сорттарын аудандастыру мақсатында ғылыми институттармен байланыс орнатып, ғалымдармен тәжірибе алмасып, біліктілігін шыңдап, ізденісін үдетті. Соның арқасында өнімділік артты.
Біздің Ғабеңнің бойындағы басты қасиеті – жұмыстың көзін тауып, әріптестіріне орынды талап қойып, істі алға жылжыта біледі. Ол серіктестіктің жұмысы өрге жүруінде еңбек сіңіріп келеді.
Ғабекең еңбектің, істің адамы ғана емес, ойдың адамы. Аз сөйлесе де, орнықты ой айтады. Бірде:
– Кеңестік кезеңде еңбек адамдары лайықты деңгейде құрмет көрсетілді. Мәселен, Ыбырай Жақаевтың бейнеті жан-жақты дәріптелді, үлгі ретінде насихатталды. Өзіміздің Арапбек Әбиев ала жаздайғы ерен еңбегі бағаланып, Социалистік Еңбек Ері атанды. Қазір еңбек адамдары сол дәрежеде құрметтеліп жатыр ма? Әрине, жергілікті басшылар айтып, «Алғысын» білдіріп жатады. Содан болар еңбек адамдарының қадір-қасиетін жоғалтып алдық. Соның салдарынан жастар еңбек етуден қашқақтайтын болды, –
дейді әріптесім.
Рас қой! Бүгінде жастар еңбек даласында күн ұзақ кетпен арқалап, құлақ қайырып, егіндікті суарып, бейнет етуге селсоқ қарайды.
Жә, тақырыпқа қайта оралсақ, Ғабит Исаев 1958 жылы 28 қарашасында Түркістан облысы Жетісай өңіріндегі Жамбыл ауылында дүниеге келді. Оң-солын таныған шағында қарт Қаратау баурайына көшіп келеді.
Әкесі Мейірбек 20 жылдай ата кәсіппен айналысып, төрт түліктің қоңын қондаса, Ғабикең еңбекке ерте араласып, өмірді біліп-тануға тырысты.
1974 жылы мектепті бітіріп, Түркістан индустриалды-политехникалық техникумында инженер-механик мамандығын жұмыстан қол үзбей жүріп білім алады. Шаруашылық жұмыста механизатордан бастап, директордың орынбасары дәрежесіне дейінгі қызмет баспалдағынан өтеді. Яғни «Бірлік» кеңшарында шопан көмекшілігінен бастап, ПМК-125 мекемесінде жүргізуші, «Ынтымақ» шаруа қожалығындағы егіс жөніндегі бас маман, Түгіскен кеңшарында күріш бригадасында есепші, бригадир, «Түгіскен ТШ» ЖШС бригадир, бас агроном қызметін атқарды.
Ұзақ жылдар бойы тәжірибесін шыңдап, нәтижелі жұмыс жүргізіп, мал және егін шаруашылығы саласының кәсіби маманына айналды. Әсіресе, күріштен мол өнім алуда, жаңа сорттарын аудандастыруда біліктілігін көрсетіп келеді.
Енді артқа бір бұрылып қарасақ, Ғабекең 63 жылдық жолды еңсеріп, елдің алдында абырой-беделге ие болғанын көруге болады. Мұны жас буынға үлгі етіп, дәріптеуіміз тиіс.
Өзі айтқандай, қазір еңбек адамдарын мемлекеттік деңгейде насихаттау, құрметтеу жағы кемшін танытып жатқаны анық, алайда, оның Ауыл шаруашылығы министрінің және облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталғаны көңілге демеу береді.
Бастасы, адамның өмірде қалатын ізі, ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық өнегенің өркен жаюы десек, бұл тұрғыда алғанда, әріптесіміз бақытты адам. Жары Жұпар екеуі көтерген шаңырақтан екі ұл өрбіп, олардан төрт немере сүйіп отыр.
Ұлдары өнегелі отбасының абыройын биіктетіп, талапты әке мен мейірімді ананың мерейін
өсіріп келеді.

Нематулла РҮСТЕМОВ,
«Түгіскен ТШ» ЖШС төрағасы
27 қараша 2021 ж. 647 0