№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Өнегелі өмір өрнегі

Өнегелі өмір өрнегі

Әбекеңнің туып-өскен жері Төменарық елді мекені. Сосын Жаңақұрылыста орта білім алды. Шымкент қаласындағы ауылшаруашылығы техникумында агрономдық білімін шыңдады.

1954 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданында МТС-те бас агроном ретінде еңбек жолын бастады. 1955 жылы 1-май ұжымшарында агрономдық жұмысын жалғастырды. Араға бір жыл салып Ленин ұжымшарының бас агрономы болды. Сонда тамыр жайып, өнді, өсті. Сонда 12 жылдай еңбек етті.
ХХ ғасырдың 60 жылдары Түгіскен массивін игеру басталып, аудандағы мамандар сонда жұмылдырылды. Әбекең бір топ ағайынмен Қырдан Сырға келіп, совхозды құруға атсалысты, күріштен мол өнім алуға еңбек сіңірді.
Міне, Әбекеңді түгіскендік деп отырғанымыздың мәні осында. Ол Түгіскенде туып, сонда өспесе де, бар күш-жігерін совхоздың дамуына жұмсады, сонда табысты еңбек етті.
Кеңес заманында бейнет ортақ, мүдде бір, ол – ұжымшардың абыройы еді. Осы бағытта Әбекең күнмен таласа тұрып, күн батқанша егіс даласында еңбек сіңірді. Күн ұзақ жаяу жүріп, егіндікті аралаудан шаршаған емес. Ала жаздай күріштіктің суын кешіп, дәнді дақылдың көңіл-күйін бағамдайтын, күз келе қырманның басынан табылып, дән жинауды бақылауды ұмытпайтын. Еңбегімен қиындықтарды женіп, шыдамдылығымен совхозды жеңіске жетеледі. Шынында еңбек еңсені де көтереді, тіршілікті де түзейді. Ең бастысы, жастарды еңбекке баулудың мектебін қалыптастырады. Біздің Әбекең еңбекке баулудың мектебін қалыптастыра алды.
Әбекеңнің болмысы бөлек, еңбегі ерек азамат екені есімізде қалды. «Халық көрінісі – асыл перзенттерінде» дегендей, заманда бір туатын даралардың өзгелерден ерекшелігі бар, болады да. Ол ерекшеліктер – мінезден көрінеді. Оның бір адаммен сөзге келіп қалудан қашып, мәйінмен сөйлеуі де, мәдениеттілігін көрсететін.
Өз ортасында, ағайын-туыс арасында адамгершіліктің, адалдықтың өнегесін көрсетуімен сыйлы, қадірлі... Екі рет қажылық парызын орындап, батагөйлігімен де көптен ерекшеленді...
Қысқасы, саналы өмірін еңбекпен ұштастырып, мазмұнды өрбітті.

Молдахмет ИБРАГИМОВ,
Түгіскен ауылы
20 қыркүйек 2020 ж. 649 0