Істің көзін тапқан біледі
Әбдіжаппар Құдайбергенов өз ісіне шынайы берілген қарапайым еңбек адамы. Ол 1982 жылдан мамандығы бойынша туған жерде тер төгіп келе жатқан маман. Бүгінге дейін суды реттеудің түрлі жобаларын дайындап, істің басы-қасынан табылып келеді.
Қыста толып, жазда солып ағатын дарияның суына сенім жоқ. Сондықтан дренажды салудың пайдасы орасан зор екендігін айтады. Мұның егінші қауымның су тапшылығын сезінбей өнімді өз көлемінде жинап алуына септігі зор. Ізденімпаз маман жердің сортаңданбай, экологиялық ахуалын дұрыстауға да сеп болатын осындай жобалардың 53-ін жасап өткізіпті.
– Биыл 45 жылдан бері үлкен іс қолға алынды. Ол дренажды жүйемен каналдардағы суды реттеу мақсатында салынып жатқан құрылыс. Мақсатты істі жасау қолға алынғалы біршама уақыт өтті. Белгіленген жоба аясында мердігер компания істі жүргізуде. Десе де, құрылыс жобасында нақты зерделенбеген тәсілдерін дер кезінде оңалтуға орынды талабын қойып жүрген іс адамының үнін тыңдар құлақ табылмай отыр.
Сүйекке сіңген қасиеті шығар, қарап жатуды білмейді. Жерасты суының көтеріліп кетуі себепті, жердің құнары кеміп, экологиялық тұрғыдан нашарлап бара жатқандығын ашына айтудан жалықпай келеді. Жердің тұздануы болмас үшін де дренаждар дұрыс жұмыс жасау қажет дейді. Ауыл маңынан жүргізіліп жатқан құрылыста қомақты қаржының желге ұшпай ұсынықты жұмыс жасалса, маңайындағы 7 ауылдың егін егуіне қолайлы жағдай туғызатынын жеткізді. Дренажды жүйе жердің мелиоративтік жұмысын жақсартуғада мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде егінші қауым мен дария суына да сеп болары сөзсіз.
Әбдіжаппар аға отанасы Ұрқиямен 5 ұл-қыз өсіріп отыр. Ұрқия Құдайбергенова мектепте ұстаздық етіп, бүгінде зейнет жасында. Үш қызы мен екі ұлы бүгінде әрбір шаңырақтың берік қазығына айналған.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қолынан «Еңбек ардагері» төсбелгісін алған Әбдіжаппар Құдайбергеновтің еңбек өтілі 38 жыл. Өз ісінің білгірі, елде болып жатқан жаңалықтарға бей-жай қарамайтын қарапайым жан қашанда елге болсын деген ниетімен көпке үлгі. Кейінгі буыннан да елге, жерге деген жанашырлықты күтетін оның зейнеттік жасқа толса да үйретері көп. Барымызды бағалап, білген жанға жүгінсек, істің оңынан болатыны ақиқат.
Ауылдағы ағайынның да айтары сол.
Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА