№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Мен өмірді жырлау үшін келгенмін

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін


Жанымдай сүйдім іңкәр мынау өмірді,
Құдыретті көмейден жырлар төгілді.
Өлеңменен өрілген сұлу сазды естіп,
Сыршыл да, нәзік жүрегім менің езілді.

Мен үшін ақын болу биік тұғыр,
Жер неткен перзентіне өте жұмыр.
Үйретті мені батыр, батылдыққа,
Сәуледей ағып өткен қысқа ғұмыр.

Өлеңімнен бөліп ап қарамаңдар,
Ұрпағым жырымды оқып даралаңдар.
Жүрегімнің үніндей өлеңімнің,
Жанға түскен сәулені саралаңдар.

Туған елдің рухы тұнық жырымда,
Жырларымда барлық мұңым, сырымда.
Жырларымды сүйіп оқып, тыңдасаң,
Таныламын неше түрлі қырымда.

Ұрпағыма мен үнемі сенгенмін,
Әр жүрекке жырымменен енгенмін.
Әлі де мен жасай берем өйткені,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.

Сүйем көлдің тұнық мөлдір айдынын,
Сүйем биік жарқыраған ай, күнін.
Туған елдің еңсесін биік көтерген,
Ана тілім абыройым, айбыным.

Өз тілімді шұбарлауға қимадым,
Әрбір қазақ бойына күш жинадың.
Мәртебеңді биік ұстап әрдайым,
Ана тілім маған шаттық сыйладың.

Өз тіліме өте алмайтын сең бар ма?
Ана тілім саған келер тең бар ма?
Санам сөніп, байланғанша тіл жағым,
Көш бастаймын келешекке сен барда!

Ұлбосын ТҮКІБАЕВА
17 қараша 2021 ж. 526 0