№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы

Өнер – адамның бойындағы тылсым рухани күш десек, ақындық – сол өнердің ең қастерлісі. Осы ақындық өнер дарыған талант иелері арамызда да жүр. Соның бірі – Мұхамедәлі Қанатұлы.

2007 жылы 14 қазанында Жайыл­ма елді мекенінде кіндік қаны тамған Мұхамедәлі жастайынан өнерден таласы бар екенін байқатады. №195 мектептің таланты тәлімгері бесінші сыныптан-ақ аудандық, облыстық деңгейдегі айтыстарға қатысып, сөз өнерінде өзіндік орны бар екенін дәлелдей бастайды.
Былтыр Жалағаш ауданының 80 жылдық мерейтойына арналған «Жаһанда жұмақ мекен Жалағашым» атты айтысқа қатысып, жүлделі үшінші орын алды. Биыл «Aйтыс battle» сөз сайысында бас жүлде алып, 2-кезеңге өтті. Жас өнерпаздың қанатына жерлестері қолдау білдіріп келеді. Ол туған жердің әрбір тау-тасынан, сылдырап аққан мөлдір бұлағынан шабыт алады. Аңыз-әпсаналарды жадына тоқып, жыраулар поэ­зиясы мен ақын-жазушылардың туындыларын көптеп оқып, Ұлы Дала елінің өткені мен бүгіні жайлы білуге құштар.
– Тарихи, әдеби кітаптарды оқы­ғанды жақсы көремін. Әсіресе Алтын Орда дәуірі, Қазақ хандығының қалыптасу кезеңі қызықтырады. Сақ, ғұн, түрік империясының әлемдік өркениеттегі орны жайлы ізденіп жүрмін, – деді жас талант иесі.
Ол Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Жұбан Молдағалиев, Мұхтар Шахановтың жалынды жырларын оқығанды ұнатады. Сыр сүлейлерінің жыр-дастандарын оқы­ғанда немесе тыңдағанда рухы ке­мел­дене түсетінін айтады.
Иә, ақын білім жолында ізденіп, туған жердің табиғатымен сырласқанда шабытына шабыт қоса­тыны анық. Салған жерден айтып салар төкпе жырлар да тап-таза, мөп-мөлдір, тұп-тұнық ерекше жан­нан шықса керек-ті. Жазған әсерлі өлеңдері арқылы көпшілікке танылып жүрген жас ақынның арманы асқақ, талабы таудай.
Төл өнерге өзіндік үлесін қосып жүрген Мұхамедәлі Абдуллаев небә­рі 13 жаста. Ол алғашқы өлеңін шығарғанында алты жаста болатын. Жүрегінен жарып шыққан жырын анасына арнаған-ды. Оның ақындық өнері нағашы жағынан дарыған. Нағашы әжесінің әкесі Жәдігер баба өлеңімен май тамызған шешен болған. Ұлы Отан соғысында үйіне жазған амандық хаттарын өлеңмен жолдаған екен.
Биыл Мұхамедәлі Щучинск қа­ла­сында өткен «Зерде» XV республикалық байқауының жеңім­пазы атанды. Бұл – оның білім сайысындағы үлкен жетістігі.
2018  жылы«Өнеге»  интел­лектуалды білім порталы өткізген «Тілім менің – тірлігімнің айғағы!» байқауында, 2019 жылы «Белес» өнер орталығы ұйымдастырған «Ұлыларды ұлық­та» атты республикалық өнер байқауында жүлдегерлер қатарынан көрінді.
– Жас ақын Мұхамедәлі Абдул­лаевтың болашағынан зор үміттіміз. Өзі тәрбиелі. Бастысы, білімге деген ынта-жігері ерекше. Мектебіміздің, тіпті ауданның атын шығарып абырой биігінен көрініп жүр. Біз талантты жасқа әрдайым қолдау көрсетеміз, – деді мектеп директоры Жанат Жүсіпова.
Жас ақынның өлеңдері бұлақтай мөлдір, судай таза. Туа біткен дарынның қабілетін қастерлеп, дұрыс бағыт-бағдар берілсе, бағын­дырар асуы биік.
Әйгерім Мырзахметова
25 тамыз 2020 ж. 1 003 0