№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Әдепті келін – әдемі»

«Әдепті келін – әдемі»


Ауыл – әулетінің бет-ажары қыз-келіншектің әдебімен әдемі. Шаңырақ көтерген әрбір отбасының түтіні түзу шығып, берекесі мен бірлігі жарасқан жылы ұяға айналуы да алдымен ерге серік, елге көрік отанасының қолында. Осы орайда Отбасы күні құрметіне аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар Ресурстық Орталығы Жаңақорған» КММ ұйымдастыруымен «Әдепті келін – әдемі» атты жас келіндер байқауы болып өтті.


Аудан көлемінде ұйымдастырылған шараға 7 әулеттің келіндері қатысып, бақ сынасты.
Байқаудың ережесі бойынша қаты­сушылар бірінші кезеңде «Әдеп­тілік белгісі, иіліп сәлем бергені» тақырыбында өз отбасын, барған жерін таныстырса, екінші кезеңде «Дана әйел-дамыған ел негізі» атты сұрақ-жауап кезеңі өтіп, салт-дәстүр бойынша білімдерін ортаға салды. Үшінші кезеңде «Қол өнері-кілемде, сөз өнері-өлеңде» шартымен бойда бар өнерлерін ортаға салды. Соңғы қорытынды кезеңде «Әйелдің астанасы – асхана» қамыр жаю бойынша сынға түсті.
Алғашқы таныстыру кезеңінде қа­ра­сөзбен келістіріп жеткізген Ма­нап ауылынан келген Ақбота мен Құттықожалық Жансаяның жыр жол­дары мазмұнды, мәнді өрілсе, Айдана мен Ақниет бұл ережені әнмен әрлеп жеткізуге күш салды.
«Дана әйел – дамыған ел негізі» сайысында қатысушылар ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын сұрақтарға жауап іздеді. Оның ішінде әлі де қолданыста жүрген, ұғымға жақын, құлаққа таныс жөн-жоралғылармен қатар мүлдем естімеген көне заманмен бірге көміліп кеткен салт түрлері де кездесті. Көңіл көкжиегі кеңдігімен танылған келіндеріміз бұл сыннан да мүдірмей өтті. Соңғы сайыс қамыр жаю қарапайым болғанымен, үй шаруасының қазығы болуға тиіс қаракөздеріміз үшін әжептеуір сын болды.
Байқау қорытындысы бойынша, Құт­тықожа ауылынан қатысқан Қалды­бекова Жансая «Инабатты келін» номинациясы, Ақүйік ауылдық округінен Ғалымдоллақызы Ақниет «Дәстүрлі келін» номинациясы, Машбек ауылдық округінен Нұрлыбай Гүлзат «Өнерлі келін» номинациясы, Қыраш ауылдық округінен Хияшова Гүлдана «Парасатты келін» номинациялары бойынша мара­патталды. Ал III орынды Машбек ауылының келіні Тасболатова Айдана иеленсе, II орынға Манап ауылының келіні Асанхан Ақбота лайық деп танылды. Үздік атанып, I орынды Төменарық ауылының келіні Тасболат Гүлшырын иеленді. А.Д.Романов атын­дағы 53-орта мектептің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлшырын өнерімен, салт-дәстүрді жетік меңгергендігімен, үй шаруасына бейімділігімен қарсыластарын басып озып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Әділқазылар құрамы төрайымы «Жаңақорған тынысы» газетінің қа­ламгері Баян Үсейінова сөз алып, жүрексінбей байқауға қатысып, бар өнерін ортаға салған келіндерге шын жүректен ризашылығын жеткізді.
– «Адам ұрпағымен мың жасайды», – деп халық тегін айтпаған. Осындай ұрпақ жалғастығы ақ жаулықты аналарымыз аман болсын. Әрбір ұлттың сан ғасырдан бері ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ізгі мұраларын және ұлттық салт-дәстүрлердің құндылықтарын, ұлт­тың бойындағы ұлттық үрдіс пен ұлт­тық рухты жас келіндердің бойына сіңіру, жас келіндерге адамгершілік, ұлттық, ізеттілік, имандылық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған іс шараны ұйымдастырушыларға ел атынан үлкен алғысымызды білдіреміз, – деп жүлдегерлерді арнайы дипломмен және ақшалай сый-сыяпатпен марапаттады.

Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ
15 қыркүйек 2021 ж. 718 0