Қарымды қаламгер
Халықтың талғамын басшылыққа алып, өміршең рухани дүниелерді жүрегімен жазатын қаламгерлер болады. Қазақтың арғы-бергі тарихында мұндай қайраткер қаламгерлер өте көп. Біз кейде қасымызда жүрген адамдарды бағалай бермей, үлгі-өнегені сырттан іздеп жатамыз. Осы тұрғыдан келгенде өзіміздің Қанекеңнің – Қаныбек Әбдуовтың қаламгерлігіне құрмет көрсетуге әбден болады.
Мен Қанекеңді студенттік жылдары ең алғаш көрген сәтім күні бүгінгідей көз алдымда. Ұмытпасам, 1989 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика және филология факультеттерінің 2-ші курс студенттерінің арасында өзара сайыс өтті.
Орта бойлы, қараторы, қара шашты, мұртты, мінезі шапшаң жігіт шалт қозғалып, өзінің белсенділігімен, сергектігімен, алғырлылығымен танылды. Тобын алға сүйреп, көшбасшылық қасиетімен де көрінді.
Студент жылдарынан-ақ Қанекеңнің қаламынан туған мақалалар ойлылығымен, тереңдігімен ерекшелене бастады. Жоғары оқу орнының шәкіртіне аға буын сенім артып, студент кезінің өзінде «Жас Алаш» газетінде шығармашылық жолын бастады. Біз оның негізгі оқырманы болдық. Шынында, күштеп оқыту қиын, тек қаламгер өзінің рухани дүниесімен баурап алуы тиіс. Ол үшін талғампаздық пен талапшыл қасиеттен айнымай, нақтылықты ұстанып, көркем сөздің қуатын мейлінше пайдалана білу керек. Міне, осы қасиет-қабілеттер Қанекеңнің бойынан табылды. Содан болар медиакеңестікке араласқан тұста-ақ қарымды қаламгер ретінде таныла бастады.
Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев сөздің қадір-қасиетін терең түсінетін азамат ретінде Қанекеңді 1996 жылы Сыр өңіріне шақырды. Бұл – Бердібек Машбекұлы Қызылорда облысының әкімі болған кезге тұспа-тұс келді.
Сөйтіп, Қанекеңнің қаламгерлік жолы Сырда жалғасып, біздің рухани байланысымыз бір арнада қайта табысты. Студент кезгі таныстығымыз достыққа ұласты. Ол – журналист, мен – мемлекеттік қызметкер ретінде әріптестігіміз нығая түсті. Кейін ол – «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында, мен – облыстық ішкі саясат басқармасында бір-біріміздің ісімізге қолдау көрсеттік.
2015 жылдың 17 ақпанында Жаңақорған ауданына әкім болып келдім. Ол менен екі апта бұрын «Жаңақорған тынысы» газетіне бас редактор болған-ды.
Қанекеңнің қаламгерлік біліктілігі, медиаменеджерлік қабілеті осы тұста жарқырай көріне түсті. Аудандық газеттің мазмұндық деңгейін арттырып, дизайнерлік талғамын өзгертті. Иә, бәсекеге қабілетті газет ретінде қалыптастырып, дамуына еңбек сіңірді.
Әсіресе, газетті оқылымды етуде жолсапар очерктер, репортаждар, сұхбаттар, журналистік зерттеулер көптеп жарық көре бастап, Сыр өңіріндегі таңдаулы газеттің біріне айналып, «Үздік газет» атанды. Оған тірліктің тереңдігіне бойлап, қиялын көркем сөзбен кестелеп, өмірдің өзекті тіндерін арқау еткен мақалалар дәлел бола алады.
2016 жылдың тамызында мен облыс әкімінің орынбасары қызметіне ауыстым, ал, Қанекең Өңірлік коммуникациялар қызметінің директоры, «Сыр бойы» газеті бас редакторының орынбасары, «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды.
Осы жылдары бір байқағаным Қанекеңнің ұстаханасының көрігі бір сөнбейді, қаламы бір тынбайды. Өндіре жаза береді, жаза береді. Білуімше, соңғы бес-алты жылда Қанекең 5-6 кітапты баспаға берді.
Яғни қайнап жатқан журналистиканың қазанында жүріп көркем шығармаларды қаламына арқау етіп келеді. Журналистік қабілетін жазушылық қырымен ұштап, күндіз-түні бір тынбай еңбектенеді, ізденеді. Аз уақытта жазылған «Ауыл атауының ақиқаты» кітабы соның дәлелі.
Мықты журналист тақырып іздемейді, тақырып мықты журналисті іздейді деген сөз бар. Осы сөздің ақиқатына Қанекеңнің қаламгерлігіне байланысты айтуға әбден болады. Ол пікірлес адамдарының әрбір сөзіне мән беріп, сөз арасында айтылатын ойлардан тегеурінді тақырыптар шығара алады. Оның басқа қаламгерлерден ерекшелейтін қасиеті де осы. Мұның бәрін оның ішкі рухының қуатты күші, өмір тірлігінің қайнар көзі десе де болады.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жуырда детективтік шығармалардың «Серт» республикалық байқауы өткізді. Қанекең байқауға «Ұры» повесімен қатысып, жүлде алып, тағы қуантты.
Бұл да Қанекең қаламгерлігінің бір белесі.
***
Қанекеңнің мұндай биіктен көрінуінде оның қаламдас достары мен әріптестерінің әсері де мол. Онымен бірге жоғары мектепте біліп алып, журналистиканың жүгін көтеріп, елдің басты медиа платформаларында өзіндік қолтаңбасымен, өзіндік үнімен ерекшеленген азаматтар көптеп саналады. Айсұлу Қасымова, Ғабит Мүсіреп, Нұрлан Қалқа, Ермахан Шайқы, Бауыржан Ғұбайдуллин, Мұхтар Түменбаев, Серікқали Мұқаш, Бекжан Сүлейменов, Ғазиз Тастаев, Гүлжанат Иманғазина, Гүлмира Тілеубаева, Гәкку Сәтбаева, Мұхтар Атабеков, Ерлан Қуандықов, Бақытжан Әлімқұлов, Нұржан Қуантайұлы, Бақытжан Жаңабеков, Ғазиз Тастаев, Бақытжан Қосбармақов, Ершат Асматов, Мінәмжан Әсімов, Фархад Бакиев, Лаззат Қасымжанова, Тамара Дәулетбаева, Тілеукен Әлжеке, Балжан Аринова, Гүлнар Тасболатова, Фарида Әбиева, Берік Сәдуақасов, Айткүл Бабасованы осы қатарға жатқызуға болады. Олардың ішінде тек журналистік жолды ғана емес, мемлекеттік қызмет, құқық қорғау саласында табысты еңбек етіп жүргендер де көп.
Ал, әріптестері арасында ағалық ілтипатын, қамқорлығын танытқан Жақсылық Рахматулла, Оразбек Мақсұт, Айжарық Сәдібекұлы, Ақберген Ержанов, Қайыр Қорасани, Әбдібай Уәлиев, Қази Данабаев, Әскербек Рақымбекұлы, Жолдасбек Ақсақалов, Нұрмахан Елтай, Жұмабек Табынбаев, Мейрамбек Шілдебаев, және өзге де қаламгерлерді ерекше атау керек. Ал, үзеңгілес қызмет еткен әріптестері арасында «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев, белгілі қаламгерлер Дүйсенбек Аяшұлы, Мұрат Жетпісбаев, Расул Серіков, Әділжан Үмбет, Гүлжазира Жалғасова, Айнұр Батталова, Айнұр Тұңғышбаева еске түседі.
Көріп тұрғандарыңыздай, бірінен-бірі мықты, жазу өнерінің жүйріктері. Осындай орта Қанекеңнің қаламгерлік қарымына әсер еткен де болар...
***
Қаламгердің екінші тынысы шәкіртінен көрінетіні рас. Бұл тұрғыдан алғанда да біздің Қанекең бақытты.
Бүгінде «Сыр бойы» газетінінің тізгінін ұстаған Қуат Шарабидиновті Қанекең ерекше мақтап, мадақтап жүреді. Оған ағалық қамқорлық көретіп, сөз өнерінде азды-кемді бағыт-бағдар беріп, рухани іні-дос тұтып, ықылас танытуының өзі ұстаздық тәлім деуге болмай ма?!
Қанекеңнің жолын жалғап, бәсекеге қабілетті газет қалыптастыруға күш салып жүрген Нұрлат Байгенжені де ерекше атау орынды. Қанекең шәкіртін баптап, сөз өнерінің қыр-сырына қанықтырғанын жақсы білеміз. Бүгінгі «Жаңақорған тынысы» газеті өз биігін сақтап келеді. Бұл да Қ.Әбдуовтың ұстаздық тәлімінің нәтижесі деуге болады.
Қанекеңнің аудандық газетке келуімен журналистердің аға буыны мен жастар буыны алмасып, Әбдісамат Әбдіш, Әлібек Жарықбаев, Мақпал Марқабай, Әйгерім Мырзахметова, Ханзада Дошан сынды жас журналистер жалындап көрінді. Бүгінде олар айтар ойы, орнықты сөзі бар журналистерге айналды.
Руслан РҮСТЕМОВ,
Жаңақорған ауданының әкімі