Жер туралы жиі қойылатын сұрақтар?

Жеке тұрғын үйді пайдалануға беру үшін қандай құжаттар талап етіледі?
«Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жеке тұрғын үйді пайдалануға беру үшін меншік иесі уәкілетті органдарға тиісті құжаттар топтамасын ұсынуы қажет. Атап айтқанда, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар, құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат беру құжаттары, нысанның техникалық паспорты, инженерлік-коммуникациялық желілерге қосылу актілері, сондай-ақ объектінің құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкестігін растайтын қабылдау актісі талап етіледі.
Сонымен қатар, тұрғын үйдің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы белгіленген нормативтік талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Барлық қажетті құжаттар толық ұсынылған жағдайда, уәкілетті орган тарапынан тұрғын үйді пайдалануға беру туралы шешім қабылданады.»
Шаруа қожалығын ашу үшін қандай құжат керек, не істеу керек?
Шаруа қожалығын ашу үшін жеке куәлік, жер құжаты және салық органдарына тіркелу қажет. Сонымен қатар, кәсіпкер ретінде тіркеліп, қажетті рұқсат құжаттарын алу керек.
Шаруа қожалығы қандай бағыттарда жұмыс істейді?
Жауабы: Шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығының бірнеше бағыты бойынша жұмыс істейді. Негізгі бағыттарының бірі — егін шаруашылығы. Бұл салада бидай, күріш, арпа, жүгері, мақта, көкөніс және бақша өнімдері егіледі. Екінші бағыты — мал шаруашылығы. Мұнда ірі қара, қой, ешкі, жылқы және түйе өсіріледі. Кейбір шаруашылықтар сүт өнімдерін, ет өнімдерін өндірумен де айналысады. Сонымен қатар құс шаруашылығы, омарта шаруашылығы және бау-бақша өсіру бағыттары да дамып келеді. Әр шаруа қожалығы өз жерінің жағдайына, ауа райына және мүмкіндігіне қарай белгілі бір саланы таңдап жұмыс істейді.
Саудаға қатысу үшін кепілдік жарнаны қандай тәсілдермен төлей аламын?
–Қолма-қол емес:
төменде көрсетілген деректемелерге ақша аудару арқылы:
Төлем алушы (рус.): «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ
БСН: 050540004455
Есепшот (IBAN/ИИК) «Қазақстан Халық банкі» АҚ: KZ226018871000394291
БИК: HSBKKZKX
КНП: 857
Кбе: 16
Төлем мақсатына: «Сауда қатысушысының ЖСН және сауда нөмірі» деп жазу қажет
(Мысал: «ЖСН 850000850000 үшін кепілдік жарна, сауда №000000»)
gosreestr.kz порталында онлайн, өтінім берген кезде банк картасының нөмірін көрсету арқылы
Жоғарыда көрсетілген деректемелерге екінші деңгейлі банктердің кассасы арқылы қолма-қол ақша енгізу:
Төлем мақсатына: «Сауда қатысушысының Т.А.Ә., ЖСН және сауда нөмірі» деп жазу қажет
(Мысал: «Алибеков Алибек Алибекович үшін кепілдік жарна, ЖСН 850000850000, сауда №000000»).
Жер учаскесінің мақсатын өзгертуге болады ма?
Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабымен регламенттелген. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді облыстың, қаланың, ауданның, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мемлекеттік қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Осы Кодекстің 49-1-бабының талаптарына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға қағаз жүзінде немесе "Электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім осы Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын жер комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданады. Қызмет көрсету – тегін.
- Кәсіпкерлік мақсатта пайдалану үшін жер учаскесін қалай алуға болады?
ҚР Жер кодексінің 48-бабына сәйкес, кәсіпкерлік мақсаттар үшін жер учаскелерін беру жергілікті атқарушы органдар өткізетін сауда-саттық (аукциондар) арқылы жүзеге асырылады. Жер учаскелерін беру процесі:
1) аукционның жариялануы: жергілікті атқарушы орган аукцион өткізу туралы хабарландыру жариялайды. Бұл хабарландыруда аукционның күні, уақыты, орны және ұсынылатын жер учаскелерінің сипаттамасы көрсетіледі.
2) қатысу үшін тіркелу: аукционға қатысу үшін кәсіпкерлер мен инвесторлар алдын ала тіркелуі қажет. Тіркелу шарттары мен талаптары аукционның жариялануында көрсетіледі.
3) аукцион өткізу: аукцион барысында жер учаскелері ұсынылып, қатысушылар арасында бәсекелестік негізінде сатылады. Ең жоғары баға ұсынған қатысушы жер учаскесін жеңіп алады.
4) келісімшарт жасау: аукцион жеңімпазы жер учаскесін алу үшін келісімшарт жасайды. Келісімшартта жер учаскесінің пайдалану шарттары, төлемдер және басқа да талаптар көрсетіледі.
Келісімшарт жасалғаннан кейін, жер учаскесі жеңімпазға беріледі.
Негізгі талаптар: Жер учаскесін алу үшін өтініш беруші заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болуы тиіс. Аукционға қатысу үшін қажетті құжаттарды (мысалы, өтініш, қаржылық құжаттар) дайындау қажет. Жер учаскесінің мақсаты мен пайдалану шарттары аукцион барысында анықталады.
Егер сізде аукционға қатысу немесе жер учаскесін алу туралы қосымша сұрақтар болса, жергілікті атқарушы органдармен немесе тиісті мемлекеттік мекемелермен байланысуыңызға болады.
- Ақысыз түрде алуға болатын жер телімінің көлемі қандай?
ҚР Жер кодексіне сәйкес, жер учаскелерін ақысыз түрде алуға болады. Заңда жердің көлемі де белгіленген:
1) ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін (үй және егістік алқаптарын қоса алғанда) — суарылмайтын жерлерде 0,25 га және суармалы жерлерде 0,15 га;
2) жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,10 га;
3) бау-бақша, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін - 0,12 га.
Жеке қосалқы шаруашылық және жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін жеке меншікке өтеусіз беру жер игерілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Ауылдық елді мекендерде ақысыз жер учаскелері бір массивте беріледі. Ал, бау-бақшаға арналған жер учаскелері уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы негізінде 1 гектардан аспайтын мөлшерде таратылады.
Жайылымдық жерлерді пайдалануда шектеулер бар ма?
Иә. «Жайылымдар туралы» заңға сәйкес, ауылдық елді мекендерде тұратын азаматтардың мал басына қажетті ортақ жайылымдық жерлер арнайы бөлінеді. Егер ауыл тұрғыны өз малын қоғамдық жайылымда жайғысы келсе, оның нақты мал басы туралы мәліметтер жергілікті әкімдікке тіркелуі керек.
Шетелдіктерге жер беруге рұқсат етілген бе?
Жоқ. Қазақстан Республикасының Жер кодексі бойынша шетелдіктерге, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бар компанияларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке де, жалдауға да беруге қатаң тыйым салынған.
Мемлекет жерді қайтарып алуға құқылы ма?
Иә, қайтарып алуға құқылы. Егер де, жер мақсаты бойынша пайдаланылмаса, мысалы, жер өңделмесе, жердің үстінде өнім өндірілмесе, онда мемлекет жерді қайтарып алуға құқы бар.
Екіншіден, сапаға жүргізілген бақылаудың көрсетуі бойынша, егер жер тиісті тәсілмен пайдаланылмаса (тыйым салынған химикаттар қолданылса), нәтижесінде жер құмға айналады. Жерді сондай-ақ, жырқыштар мекендеген жағдайда да алып қойылады. Бұл шаралардың барлығы жердің жекеменшікте немесе жалда болуына байланыссыз қолданыла береді.




