» » Кәсіпкерлік туралы жиі қойылатын сұрақтар?

Кәсіпкерлік туралы жиі қойылатын сұрақтар?



– Жаңақорған ауданында өндіріс саласын дамыту бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?
– Ауданда өндіріс саласын дамыту мақсатында бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, құрылыс материалдарын өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және жаңартылатын энергия көздері бағытында кәсіпорындар жұмыс жасауда. Сонымен қатар, жаңа өндіріс орындарын ашу арқылы халықты тұрақты жұмыспен қамтуға басымдық берілуде.
Аудан кәсіпкерлеріне мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несиелер қарастырылған ба?
 Аудан кәсіпкерлеріне мемлекеттік бағдарламалар аясында қайтарымсыз гранттар мен жеңілдетілген несиелер беріледі. Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлер өз жобаларын ұсынып, қаржылай қолдауға ие бола алады. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге бизнес-жоспар әзірлеу бойынша кеңестер беріледі.
 Жаңақорған ауданында жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында қандай жобалар жүзеге асуда?
 Ауданда ауыл шаруашылығы, өндіріс, қызмет көрсету және кәсіпкерлік салаларында жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Инвестициялық жобалар аясында құс фабрикасы, қалдықтарды сұрыптау кешені секілді нысандар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Бұл тұрғындардың табысын арттыруға және аудан экономикасын дамытуға мүмкіндік береді.
  Жаңақорған ауданында шағын және орта бизнесті дамыту бағытында қандай жұмыстар жүргізілуде?
  Ауданда шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие, грант алу, бизнес-жоспар әзірлеу және заңдық кеңес беру бағытында қолдау көрсетілуде.
 Кәсіп бастаймын деген азаматтар қай мекемеге жүгінеді?
 Кәсіп ашуға ниетті азаматтар аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жүгіне алады. Аталған мекемелер тарапынан мемлекеттік бағдарламалар бойынша толық ақпарат пен кеңес беріледі.
 «Ауыл аманаты» бағдарламасының аудан тұрғындары үшін маңызы қандай?
 «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған маңызды мемлекеттік бағдарламалардың бірі болып табылады. Бағдарлама аясында тұрғындарға 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру қарастырылған. Бұл қаражат арқылы азаматтар мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, шағын өндіріс және қызмет көрсету салаларында өз кәсібін бастауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, бағдарлама аясында кооперативтер құру, ауылдағы жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде.
25 мамыр 2026 ж. 30 0