Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 535

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » Әкесі мен баласы айтысса, жеңіс кімдікі?

Әкесі мен баласы айтысса, жеңіс кімдікі?


1987 жылы Керекуде (Павлодарда) халықтың сұрауына орай Манап ақын өзінің ұлы Әбдікеріммен айтысқа түседі. Әбдікерім Манапов Талап кеңшарында туған, Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультеті түлегі, Түркістан қаласында мәдениет саласында қызмет атқарады.
Жүректің жылуымен жебейін мен,
Бақытың үстем болсын мерейіңмен
Шығарды халқым қалап, сайрашы енді,
Шырағым, өнеріңді көрейін мен, – деп перзентіне тілектес пейілдің шуағын төккен ақын сайыс соңында:
О, балам, құрметтің бар салмағы да,
Толғану керек, зер сап, жан-жағыңа
Жолымды ұста, ұсындым домбырамды,
Жас-мұрат, жет аңсаған арманыңа!
– деп талай рет жыр додасында жанына серік болған домбырасын ұлы Әбдікерімнің қолына табыстайды.
Осыдан кейін Манап ақын домбыра алып, айтысқа түскен жоқ. Бірақ облыста, республикада өткен ақындар айтысын өлеңдетіп ашып беріп жүрді. Әділқазылар құрамында айтысқа төрелік етті. Айтыскер шәкірттерін тәрбиеледі. Ғұмырының соңына дейін қолынан қаламы түспеді, елді, достық пен бауырластықты, адамгершілікті, бейбіт өмірді жырлады. Қазақтың айтыс өнерінің туын биікке көтеріп кетті.
Әбілқайыр Сыздықов, Оразқожа Мәмбетов, Ұлзира Үсейінова, Нұрберген Тастаев, Жұмабай Шерниязов, Асқар Дүйсембиев, Ерлан Исмайылов, Аманбай Өтебаев, Нұрлан Жапеков, Мұхит Құрбанбеков, Батырхан Жоланов, Оразхан Сейілхановтар сынды жолын жалғаған жас талап ерді ізінен.
25 қыркүйек 2018 ж. 1 906 0